Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет13/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (1)

31. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ

А) Асық ойындарының қандай түрлері бар? В) Асық ойынын ненің асығымен ойнаған?

С) Асықты қай мезгілде ойнау керек? Д) Асық ойындарын қайда ойнаған?

Е) Асық ойындарының неше түрі бар?


8-мәтін

Сақтардың бейнелеу өнері

1. Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ішінде қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.

Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық түрі жағынан реалистік аң стилі сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімдерді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.

2. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.

Б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі.

Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын салып ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу, сол кездегі көп тараған әдіс болған.

3. Б.з.б. VІ-ІV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрыылмы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Қазақстан аумағында табылған басқа да археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір құрбандық ыдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.

Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері сызбаға айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет