4-мәтін
Ұзақ батыр мен Қараш би
Балқаш бойын мекендейтін Арғында Ұзақ дейтін батыр болыпты. Сол әлдебір егеспен Іленің оң жағындағы Жалайырдың Байшеріндегі бір қарт бидің тігерге тұяғын қалдырмай бар малын барымталап айдап кетіпті. Артынан іздеп барған жоқшыларды қайта-қайта сабап қуып жібереді екен. Содан Іленің бойында Қаралыкөпір деегн жерде отырған Байшегір биі кісі салып қарашқа сәлем айтыпты. Сәлемінде: «Атқа қонып дау даулайтын жайым жоқ, бірақ мыңға тарта кәдімгідей үлкен қол жинап қойдым. Босқа қан төгіспелік. Сен ара ағайын болып Ұзаққа барып есемді алып бер!» - депті.
Қараш қарт бидің сәлемін қабыл алып, жолға шығуға бел байлайды. Бірақ нөкерлікке төрт-ақ адам алыпты. Төртінші адамы Ерезен Мастақтың он төрт жасар баласы Қажан екен. Бала болғанымен етжеңді, сүйекті босла керек. Оның әкесі Мастақ та, ағасы Ақжол да Балқаш бойынан жолбарыс алып жүрген кісілер екен. Қажан ағайынды екі жігіттің кішісі екен. Ұзақ батырдың аулына жеткенде қараш би атқосшы болып жүрген қажанға: «Балам, сен үйге кірме. Ер-тоқым мен аттарымызға қара. Бұлар бізді сыпырып алып жаяу қалдырып жүрмесін. Мен өзім шақырмай, келме!» - деп ескертіп сыртта қалдырыпты. Ұзақ батыр ол кезде аты шығып қалған Қараш биді жақсы қарсы алыпты. Жаалйыр Байшегірге қатысы жоқтығын, ара ағайындықпен келгенін сезсе керек. Қонақ етіп, алдына астаумен ет тартыпты. Іштің жыланын қайтарып, мо летті «сен же, мен же» десіп отырғанда, Ұзақ батыр: «Ей, мынау қонақтардың сыртта қалып қалған адамдары жоқ па?» - десе, қызметшілері: «Бір бала бар екен, сол кел десек, келмейді», - дейді.
Қараш би арнайы белгі беріп шақыртады. Балаң жігіт үйге кіріп келгенде Ұзақ батыр орнынан ұшып тұрып, жинаулы жүктің артына тығылыпты. Қажан бала «отырыңыз, отырыңыз!» деген қолпаштаумен астаудағы етке тойып, бір аяқ сорпаны сіміріп, үн-түнсіз орнынан тұрып кетеді. Сөйтсе, Ұзақ батырдың киесі қасқыр екен. Жолбарыс киелі бала кіріп келгенде, қасқыр киелі Ұзақ батырдың сасқалақтағаны сол көрінеді.
Таңертең жолға шығарда тағы да дастарқан жайылады. Со лкездің салтында дастарқан мәзіріндегі құрметті дәмнің бірі – тары-жент. Қараш би үлкен ағаш қасықпен тары алып жейді. Жейді де әлгі қасықты Ұзақ батырдың алдына шалқасынан тастайды. Ұзақ та сол қасықпен тарыдан екі асап, қасықты төңкеріп қайтарып, Қараштың алдына қойыпты. Сонымен таңғы ас ішіліп болып,екі жақ бір-біріне амандық-саулық тілесіп, Қараш баба еліне қайтады. Сонда жолда бірге келе жатқан серіктері: «Ой, осыны да би деп әкелдік пе?! Бітірген түгі жоқ!» - деп күңкілдесіпті.
Қараш би жолай Қаралыкөпірде отырған Байшегірдің қарт биіне жолығып: «Малыңның көзі барының көзі келеді, көзі жоғының құны төленіп келеді. Қыл құйрығың жоғалмайды» - депті. Байшегірдің қарт биді сынайын дегені болар: «Ендеше мал келгенше жат» деп малдың қайтуын күткізіп жатқызып қояды. Шынында да көп ұзамай Ұзақ батыр малын түгел айдатып әкеп береді. Оған Байшегірдің қарт биі қатты риза болып: «Қараштай биі бар қаңлыға да күн туар», - депті. Сөйтсе, Қараш би Ұзақ батырмен бар дауды бір қасықпен ғана шешкен екен. Мәнісі – Қараш бабамыз тарыны бір асап, қасықты Ұзақ батырдың алдына қойғаны «Сен осы маңдағы рулардың шырқын бұзып, осылай барымталап жей бересің бе, жоқ әлде, доғарасың ба?!» - дегені екен. Алдыңғы кеште жолбарыс киелі Қажан баланы соңынан кіргізуі Ұзақ батырдың сесін қайтаруы көрінеді. Әрі сөйтіп үлкен қолдың соғысуға дайын тұрғанын да аңғартқан. «Асқанға – тосқан» болатынын сезген Ұзақ батыр алдына қойған қасықпен екі рет асап, оны төңкеріп қайтарғаны: «Мына тіршілікте көршілерге істеген қиянатым жетер, мен енді осымен доғарып, алғанымды қайтарайын. Сонымен іс тамам болсын!» - дегені екен. Осылайша ел аузында «Қараш би Ұзақ батырмен бар дауды бір қасықпен ғана шешкен» деген сөз қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |