Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет55/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (1)

145. Ақбоз атты қыздың ұраны

А) Абылай!

В) Атығай!

С) Қарақожа!

Д) Ақжол!

Е) Қабанбай!



146. Қазақ жігіттерінің тығырыққа тірелу себебі

А) Қалмақтың қаруы басым болды

В) Қорғандары болмады

С) Дұрыс ұйымдаса алмады

Д) Қолбасшылары болмады

Е) Аттары шабан болды



147. Мәтіннің негізгі ойы

А) Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу

В) Соғыс әдістерін үйрету

С) Қазақ батырларын таныстыру

Д) Жоңғардың соғыс күшін суреттеу

Е) Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу



148. Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі

А) Соғыс әдіс-тәсілін білмеді

В) Астындағы аты үрікті

С) Аты үйретілмеген болды

Д) Қолында қаруы болмады

Е) Жауға жалғыз беттей алмады


4.25-мәтін

1. Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі –Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері – он төрт метр. Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме.

2. Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан қалмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің мақатнышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай Толыбайұлын басшы етіп әскер ұйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мұның өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай бастаған жасақ жоңғарларға қарсы тұрып, жеңістің жалауын желбіреткен. Таабнды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған қалмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды жаралап өлтірген.

3. Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып тастаған көрінеді. Сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет