Оқу сауаттылығЫ



бет169/178
Дата15.03.2023
өлшемі1,33 Mb.
#74492
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   178
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

96-НҰСҚА
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
B)Құстардың сайраған үніне таңдануы
C)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін
A)Тек екіншісі
B)Дұрыс жауап жоқ
C)Екеуі де бұрыс
D)Екеуі де дұрыс
E)Тек біріншісі
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.
3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Меринос қойымен будандастыратындықтан
B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан
C)Мүйізі үлкен болғандықтан
D)Егіз төл беретіндіктен
E)Суыққа төзімді болғандықтан
4. Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Сүт қоректілер.
B)Қос аяқтылар.
C)Үй жануарлары.
D)Ет қоректілер.
E)Шөп қоректілер.
5. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Құмдауыт ойпаттарды
B)Егіс алқаптарын
C)Шөлейт жерлерді
D)Тау бөктерлерін
E)Жазық даланы
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
7. Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына сенім арту
B)Халқына жанашыр болу
C)Халқына қамқор болу
D)Халқының жолын ашу
E)Халқының қамын ойлау
8. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Бағыт сілтеуші болғандықтан
B)Түн жылы болатындықтан
C)Жақсылыққа жорығандықтан
D)Түн жарық болатындықтан
EДәстүрді құрметтеген
9. Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Үміт шырағы
B)Жұлдыз сыры
C)Дала аспаны
D)Ырымшыл халық
E)Жақсылық нышаны
10. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
A)Шынайылыққа
B)Турашылдыққа
C)Сабырлыққа
D)Болжампаздыққа
E)Сенімділікке
11. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A)Жігерлілігін
B)Ұстамдылығын
C)Сабырлылығын
D)Тәуекелшілдігін
E)Мақсатшылдығын
12. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)Әңгімелеу
B)Пайымдау
C)Суреттеу
D)Баяндау
E)Сипаттау
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар не күн көреді? Жазда, жарайды,әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анаданенді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!
13. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Балалардың әке-шешелеріне
B)Мектеп мұғалімдеріне
C)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
D)Үкімет басындағы азаматтарға
E)Қоғамдық ұйым басшыларына
14. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
B)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
C)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты.
15. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
B)Балаларға қол ұшын беру үшін
C)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
D)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?
A)Жергілікті тұрғындар айтады
B)Өздері қатарлас балалар айтады
C)Демалушылардан естиді
D)Саябақтың күзетшісі айтады
E)Қаңғыбас адамдар айтады
17. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Шынайы тілек
B)Тұрақты мекен
C)Күнкөріс
D)Саябақ
E)Жолы болмаған балалар
18. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Мейірімсіз ана
B)Саябақтағы оқиға
C)Қараусыз қалған балалар
D)Жас балалар
E)Азық іздеген төртеу
19.  «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балалардың өміріне алаңдау
B)Балаларға жақсы тілек айту
C)Үкіметке үміт арту
D)Балалардың тағдырын шешу
E)Балаларға қол ұшын беру
20.  «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Шарасыздығы
B)Жек көрушілігі
C)Жиіркеніші
D)Сенімділігі
E)Өкініші




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет