Оқу сауаттылығЫ


Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін



бет8/178
Дата15.03.2023
өлшемі1,33 Mb.
#74492
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   178
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...
-Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.
Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?
2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз)
13. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Екіншісі
B)Үшеуі де дұрыс
C)Біріншісі
D)Үшіншісі
E)Үшеуі де бұрыс
14. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?
A)Себебі драматургтің жауапкершілігі басым болады.
B)Себебі актерлердің ойыны ұнамайды.
C)Себебі бар атақ режиссерге тиеселі болады
D)Себебі кинода режиссердің көзқарасы басым болады.
E)Себебі режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды.
15. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?
A)Жылтырдың бәрі күміс емес.
B)Михнат болмай, рахат болмас.
C)Қорыққан мен қуанған бірдей.
D)Ер сыншысы – елі.
E)Көз – қорқақ, қол – батыр.
16. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
Aсын
B)алаңдау
C)мақтау
D)күмән
E)ой-пікір
17. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A)Екінші
B)Төртінші
C)Бірінші
D)Барлығы
E)Үшінші
18. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
B)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
E)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
19. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Абайға
B)Шәкенге
C)Сұлтанға
D)Нұртасқа
E)Мұхтарға
20. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
AОтандық фильмдерге талдау жасау үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
C)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін


6-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өміргетұңғышкелгенімдедүниедетеңдесіжоқнәрлісуыменменішомылдырған, меніжуындырғанбұлақ. Мен алғашсуынішкен, меніәлдилепсүйген, мағансенген, туғанжерімМыңбұлақ... Біз де сүйек, еттенжаралғанжанбыз. Біздіңжанымыздытебірентесоққанжүрекболаттанқұралғанемес, бірақбіздіңжүрек – оттыжүрек. Оныңотыболаттыерітіп, жаңқадайжандыратын от. Біздіңжүрегіміздеқауіп-қатердікөтеріп, өлімдіжеңетінбіржарық – анасүтінақтап, туғанелді, Отанымыздысүюсезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өміртасы – халық, ел намысы – ер қолында. Бізнамыстыелдіңұлымыз. Жеңілмескүшімізсонда.
1. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Ерлік пен еңбек – егіз
B)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
C)Талапты ерге нұр жауар
D)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
E)Ерлік тәрбиеден туады
2.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Мыңбұлақ
B)Айнабұлақ
C)Жүрек
D)Намыс
E)Махаббат
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
B)Қалауын тапса қар жанар.
C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Қырсыққан жігіт мал таппас.
4.Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
B)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
D)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
5.2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Барлығы теріс
B)Екінші
C)Барлығы дұрыс
D)Үшінші
E)Бірінші
6.1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Туфлиінің жыртылғанына
C)Ертең сабаққа баратынына
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
7.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Түн жылы болатындықтан
B)Жақсылыққа жорығандықтан
C)Түн жарық болатындықтан
D)Бағыт сілтеуші болғандықтан
E)Дәстүрді құрметтеген
8.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына қамқор болу
B)Халқының жолын ашу
C)Халқына сенім арту
D)Халқына жанашыр болу
E)Халқының қамын ойлау
9.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Жақсылық нышаны
B)Ырымшыл халық
C)Жұлдыз сыры
D)Үміт шырағы
E)Дала аспаны
10.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)Суреттеу
B)Пайымдау
C)Сипаттау
D)Әңгімелеу
E)Баяндау
11. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A)Тәуекелшілдігін
B)Ұстамдылығын
C)Мақсатшылдығын
D)Жігерлілігін
E)Сабырлылығын
12.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
A)Шынайылыққа
B)Болжампаздыққа
C)Турашылдыққа
D)Сенімділікке
E)Сабырлыққа
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-ананытаңдапалмайды. Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмастырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ... Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал, мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр. Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ, жатарорны таза. Мектеп жасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді? Жазда, жарайды,әрбірқарағашоларға сая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе? Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анаданендіқайыржоқ, олбелгіліжайт! Үкімет ендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен. Мендегіжалызтілек осы!
13. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Өкініші
B)Жек көрушілігі
C)Жиіркеніші
D)Шарасыздығы
E)Сенімділігі
14.Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
B)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты.
15.Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Қоғамдық ұйым басшыларына
B)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
C)Балалардың әке-шешелеріне
D)Үкімет басындағы азаматтарға
E)Мектеп мұғалімдеріне
16.Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Тұрақты мекен
B)Шынайы тілек
C)Жолы болмаған балалар
D)Күнкөріс
E)Саябақ
17.Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?
A)Өздері қатарлас балалар айтады
B)Демалушылардан естиді
C)Жергілікті тұрғындар айтады
D)Қаңғыбас адамдар айтады
E)Саябақтың күзетшісі айтады
18. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балаларға қол ұшын беру
B)Үкіметке үміт арту
C)Балаларға жақсы тілек айту
D)Балалардың өміріне алаңдау
E)Балалардың тағдырын шешу
19.Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Қараусыз қалған балалар
B)Азық іздеген төртеу
C)Саябақтағы оқиға
D)Жас балалар
E)Мейірімсіз ана
20.Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
B)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
C)Балаларға қол ұшын беру үшін
D)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
E)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет