Оқу сауаттылығЫ



бет24/178
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124732
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   178
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

16-НҰСҚА
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.
1. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B)Мың асауға бір тосу.
C)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
D)Туған жердей жер болмас.
E)Ерді ел теңгерер.
2. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.
A)би туралы
B)қыздар туралы
C)кітап туралы
D)аспап туралы
Eән туралы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.
3. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
B)Досы көпті жау алмайды
C)Ежелгі дұшпан ел болмас
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Жалғыз қаздың үні шықпас
4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Тапқырлығы
B)Ептілігі
C)Шыдамдылығы
D)Батылдығы
E)Шапшаңдығы
5. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Қулығын асырған тышқан
B)Мысық пен тышқан
C)Тату-тәтті өмір
D)Ұйқышыл мысық
E)Жаңа дос
6. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Жалқау
B)Айлакер
C)Өркөкірек
D)Батыл
E)Мақтаншақ
1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
7. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз
A)Жамал, Ақылгүл
B)Қайсар, Батырхан
C)Дана, Сабыржан
D)Жібек, Меруерт
E)Қымбат, Әсем
8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Әріптердің санын
B)Есімнің дыбысталуын
C)Есімнің әдемілігін
D)Сөздердің тіркесуін
E)Сөздің жаңалығын
9. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)барлық мезгілде
B)көктемде
C)жазда
D)күзде
E)қыста
10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер
A)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы
B)Ауа райы мен жыл мезгілі
C)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы
D)Есімі мағынасы мен дыбыс саны
E)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы
11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Күз-қыс
B)Қыс-жаз
C)Көктем-күз
D)Қыс-көктем
E)Жаз-күз
12. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
B)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
C)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет