ГеннадийГоловкиннің сұхбатынан (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.
Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.
13. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?
A)Тәуекелшіл.
B)Тым қарапайым
C)Қырағы
D)Аса ұғымтал
E)Еңбекқор
14. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?
1. Шынықсаң, шымыр боласың
2. Денсаулық – байлықтан да қымбат
3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
A)Екеуі де бұрыс
B)Тек екіншісі
C)Тек үшіншісі
D)Тек біріншісі
E)Бірінші мен екіншісі
15. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?
A)СенімділігінB)
Ренішін
C)Болжағыштығын
D)Қорқынышын
E)Алаңдаушылығын
16. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?
A)Екеуі де жатады
B)Екеуі де жатпайды
C)Бұл дидарластық сөз
D)Тек екіншісін
E)Тек біріншісін
17. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?
A)Владимир Кличко, Фредди Роуч
B)Андре Берто, Фредди Роуч
C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез
D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли
E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли
18. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?
A)Шугар Рэй Леонард
B)Владимир Кличко
C)Адриан Гонсалез
D)Андре Берто
E)Джим Лэмпли
19.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?
A)Он екінші
B)Оныншы
C)Бірінші.
D)Үшінші
E)Төртінші
20.Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?
1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.
2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.
3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол
A)барлығы дұрыс
B)2-ші дұрыс
C)1-ші мен 3-ші дұрыс
D)1-ші дұрыс
E)3-ші дұрыс