Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет93/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   515
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
95 
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі 
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа 
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед 
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және 
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке 
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең 
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе 
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің 
азаматтары ұсталған болатын. 
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз 
жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. 
Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең 
бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді 
экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-
Баварди. 
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар 
қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы 
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың 
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық 
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да 
бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін 
ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін 
қажет. 
 
13.Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға 
қыруар қаржы жұмсап келеді? 
A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін 
B)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін 
C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет