«Оқу танысу» практикасы бойынша



бет4/5
Дата04.05.2023
өлшемі38,32 Kb.
#89963
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рыспаева Гүлбақытт










Студент-практикантқа оқу жұмысы бойынша мінездеме

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенті Рыспаева Гүлбақыт 2021 жылдың 12.04 – 1.05 аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.


Пандемия жағдайындағы карантиндік шектеу шараларына сәйкес іс-тәжірибе онлайн түрде ұйымдастырылды. Студент онлайн сабақтарға қатынасып, оқушылармен бірлесе жұмыс істеді. Өзіне тапсырылған жұмыстарды жауапкершілікпен атқарды.
Келешекте Гүлбақыт жақсы маман иесі болады деп сенемін.
Практика бойынша жалпы бағасы: «5» - өте жақсы
Кафедра бойынша практика жетекшісі __________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
















Студенттің оқу-танысу практикасы бойынша есебі

Мен, Рыспаева Гүлбақыт 12.04.2021-01.05.2021 аралығында №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясынан оқу-танысу практикасынан өттім. Практика кезінде 9 «а» сыныбының математика пәні сабақтарына онлайн түрде қатыстым. Хайнешова Шынаргуль Талапеденовна жетекшім болып бекітілді. Мұғалімдік мамандыққа деген ұмтылысым мен қызығушылығымды дамыту мақсатында, 9 «а» сыныбымен тың әрі тиянақты түрде жұмыс жасауға тырыстым.


Алғашқы күні оқушылармен байланыс орнату үшін, танысу күнін ұйымдастырып, оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын білуге тырыстым.
Жетекшім 9 «а» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстырды. Жетекшім, Шынаргуль апай, оқушылардың қызығушылығын ашу барысында түрлі көрнекіліктерді сабақпен байланыстырып қолданып, түрлі әдіс-тәсілдерді қажетіне жарата біліп, көптеген заттарды үйретті. Сонымен қоса, әртүрлі оқу платформаларымен, мұғалімге тән міндеттермен, жауапкершіліктермен таныстырды. Шынаргуль апайдан үйренгенім өте көп.
Мен бекітілген жоспар бойынша күнделікті сабақтарға қатысып отырдым. Болашақ педагог ретінде оқушылармен тығыз байланыс орнатуға тырыстым. Берілген пән бойынша жетекшімнен нұсқаулық алып, керекті материалдарды, түрлі әдебиеттерді іздестіріп, барымша өз септігімді тигізуге тырыстым және ол үлкен тәжірибе болды.
Хайнешова Шынаргуль Талапеденовна мектептегі жетекшім ретінде өз көмегін аямай, дұрыс жолды көрсетіп, мұғалімдікке деген ұмтылысымды одан сайын арттырды. Жетекшімнің сабақтарынан қалмай,қызығушылықпен, талпыныспен бақыладым.
Тәжірибеден өту барысында, болашақ ұстазға қойылатын талаптарды түсініп, 12.04.2021-01.05.2021 аралығында болашақ ұстаз ретінде біршама тәжірибе жинақтап, білім беруде қолданылатын педагогикалық-психологиялық білімдерімді толықтырдым.
Қолы:_______________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет