Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетi КеАҚ
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
«Оқу - танысу» практикасы бойынша
студент-практиканттың есептік-бақылау кітапшасы
Студенттің аты- жөні: Рыспаева Гүлбақыт Нұрлыбекқызы
Білім бағдарламасы: 6В01508 – Математика және физика пәнінің мұғалімі
Курс: 1 Оқу бөлімі: күндізгі
Атырау - 2021
1 - курс студенттерінің «Оқу - танысу» практикасы
Практика оқыту үдерісінің бөлігі болып табылады. «Оқу - танысу» практикасыстуденттердің болашақ мұғілімнің қазіргі қоғамдағы орны, педагогикалық үдеріс мұғалім әрекетінің нысаны ретіндегі іс-әрекетпен танысуға арналады және ол туралы зерттеу пікірлерін туғызады.
«Оқу - танысу» практикасы мектептерде (негізгі және жоғары сатыларында) жүргізіледі.
«Оқу - танысу»практикасының қорытындысы бойынша студент күнделіктолтырып, бағалауға есеп тапсырады.
«Оқу - танысу» практикасының міндеттері:
- мектеппен танысу;
-студенттердің мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін сезіне білуі;
- болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.
Практиканың мазмұны
1. Белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру:
- нормативтік құжаттармен (мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары және т.б.);
- мектеп құжаттарымен (мектептің жұмыс жоспары, өзі бекітілген сынып жетекшісінің жұмыс жоспары және т.б.);
- пән мұғалімінің түрлі жоспарларымен (күн тізбелік, тақырыптық сабақ жоспарлары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б.);
- оқытудың әртүрлі әдістерін (сөздік, сауалнама, бақылау, көрнекілік, практикалық және т.б.) қолдану бағытындағы мұғалім жұмысымен;
- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесімен;
- пән бойынша оқушылардың іскерлігі, білім деңгейімен;
- сыныптағы тәрбие үдерісімен (жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект – субъектілік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қыығушылығы мен мінез – құлық тәртібі және т.б.);
- ата-аналармен жұмыс әдістерімен.
- оқытудың интерактивті әдістерімен, қазіргі инновациялық технологияларды қолданып оқыту әрекеттерімен;
- оқу сабақтарының кестесімен.
2. Мына тапсырмаларды орындау:
- «жаңа ғасыр мұғалімінің әлеуметтік – педагогикалық портретін жасау;
- оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасау.
3. Сыныптағы тұтас педагогикалық үдеріске қатысу:
- математика пәні бойынша сабақтарға;
- сыныптан тыс жұмыс шараларына;
- пән мұғалімдерінің нақты бір сабаққа дидактикалық тұрғыдан дайындығына және материалдарды сұрыптауына.
Қатысу кезінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, сынып оқушыларын жан-жақты бақылау.
4. Болашақ математика пәні мұғалімі ретінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың өзіндік жоспарын жасау.
5. Студенттердің өзбетінше ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін психологиялық- педагогикалық пәндер бойынша оларды ғылыми-зерттеу әдістерімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |