Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен іске асырылады
Алған білімін тексереді
Тест тапсырмала-рын орындайды
Электрондық оқулық
Түрлі ақпараттық анықтамалар алады
Пәнге қызығу-шылығы артады
Практикалық тапсырмаларды орындайды
Ойлау қабілетін дамытады
Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі артады
Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
сабақта техникалық құралдарды (компьютер), дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
студенттің пәнге қызығушылығы;
алынған білім, дағды деңгейі;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Электронды оқулықты қолдана отырып студенттер төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- Студенттің өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындауға;
- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
- Оқулықты сабақтарда қолданып, студенттің өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулық арқылы Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі студент пен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр студент қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.
Қазіргі таңда мен өз сабақтарымда электронды оқулықтарды пайдаланамын. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары студент білімін бақылауда және студенттің өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр студентке жауап беру деңгейіне қарай смайликпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс студенттің білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. Сонымен қатар ұмытып қалған ережелерді тапсырмалар арқылы еске түсіруге зор ықпал етеді, уақытты үнемдейді.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу
студенттердің сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Мысалы «Құқық негіздері және еңбекті қорғау» пәнінен «Әкімшілік құқық негіздері» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды. «Қазақстан тарихы» пәніндегі «Ұлт- азаттық қозғалысының негізгі кезеңдері мен қорытындылары» тақырыбын өткен кезеңде көтеріліс басшылары, кезеңдері мен қорытындылары туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.
Осындай жұмыс түрлерін қолдану студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
«Экономика негіздері» пәніндегі «Экономикалық жүйенің типтері мен модельдері», «Меншік және әлеуметтік-экономикалық құрылыс» және «Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы», «Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері» тақырыптарын өткен кезде берілген мәлімет, анықтамалар студенттердің таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бейне материалдар, түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсету сабақты жүргізуде ерекше әсер қалдырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру. АКТ-ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
Студенттің оқуға деген ынтасы артады;
Әр студенттің жеке қабілеті айқындалады;
Үлгерімі нашар студентке көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Жақсы оқитын студенттің тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Студент өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, студенттерді шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
2. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
3. Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі». «Информатика негіздері» журналы №4-2008 ж.
4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 8-бап.
7. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері. Астана: Фолиант 2008 ж.
8. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 ж.
9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
10. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. Экономикалық теория. Алматы 1999 ж.
11. Н.Әпсәләмов, Қ.Т.Исабеков, Ө. Сұлтанов. Экономикалық теория негіздері. Алматы-1999 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |