Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет45/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   341
II 
БӨ
ЛІМ
АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ
Қазақстандық  Самал  Еслямова  71-ші  Канн  кино-
фестивалінде  үздік  актриса  атанды.  Ол  ресейлік  режиссер 
Сергей  Дворцевойдың  «Айка»  фильмінде  басты  рөльді 
сомдаған. Самал марапаттау кезінде ұлттық нақышта киініп, 
сөзін қазақша бастады. Оның қазақ қызына тән ұяңдығына, 
ана тіліне деген құрметіне тәнті болған ел жылы лебіздерін 
аямады.
Самал 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге 
келген.  2011  жылы  Ресей  театр  өнері  университетінің 
актерлік  факультетін  бітірген.    Бұдан  бөлек  «Тюльпан» 
фильміне түскен. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласында тұрады.
Forbes  журналының  нұсқасы  бойынша,  Гүлжан 
Молдажанова  Ресейдің  20  ең  үздік  топ  менеджерлерінің 
қатарына  кіреді.  Алматыда  туылып,  білім  алған  Гүлжан 
7  000  000  $  жалақы  алады.  Дәл  қазір  Мәскеуде  қызмет 
жасайды.
Алтынай Асылмұратова – Ваганова атындағы орыс балет 
театрының  көркемдік  жетекшісі.  Әсем  қаламыз  Алматыда 
дүниеге келген. Санкт-Петербург қаласында тұрады, әрі сол 
жерде қызмет жасайды. 80-90 жылдарда Мариинский опера 
және балет театрының прима балеринасы болған.
1988  жылдан  бері  Чехияда  тұратын  елу  төрт  жас-
тағы Жәмила Стехликова қоғамдық-саяси қызметпен айна-
лысып, Жасылдар партиясына өткен, кейін сол елдегі адам 
құқықтары және шағын ұлттар мәселесі жөніндегі министрі 
болған.
(Massaget.kz) 


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет