ІІ.Өткенді қайталау сұрақтары: 1. Қандай иондар катиондар деп, қандай иондар аниондар деп аталады? («+», «-»)
2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады? (Н+ , а) + лакмус = ерітінді қызарады; ә) + металл = Н2↑).
3. Ерітіндіде гидроксид аниондарының бар екенін қалай анықтайды? (ОН- , + фенолфталеин = таңқурай түсті).
ІІІ. Тапсырма. Тақырыпты ашу. Жұптық жұмыс. Көрсетілім көрсетіледі, соған қарап оқушылар жұмысты қорытындылап, жауап береді. Сынауықтағы ас тұзының судағы ерітіндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар: NaСІ + Н2О =
Енді мыс (ІІ) сульфатының тұздағы ерітндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар СuSO4 + Н2О =
Берілген екі тұздың судағы ерітіндісінде қандай айырмашылық бар?
ІV. Сыныпты 3 топқа бөлу. (Формулалары келтірілген заттар арқылы кластарға жіктеледі). 1-қосымша.
1-топ: «Қышқылдар»
2-топ: «Негіздер»
3-топ: «Тұздар»
V. Әр топ алдарына таратылған жоспарға қарап отырып, «Тұздар гидролизі» туралы түсінік береді. 2-қосымша.
VІ. Тақырыпты қорытындылау үшін көрсетілім көрсетіледі: №1 көрсетілім «Тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау»
VІІ. Топқа бөліну арқылу сергіту (өз қалаулары бойынша 5 топқа топтасады).
VІІІ.Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар және №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары 3-қосымша
Бағалау. (критериалды, яғни жалпы сабақ барысы бойынша және орындаған зертханалық жүмыстары бойынша бағалану). 4-қосымша.