35
шығады. Үдеріс ұйымнан тыс басталады жəне ұйымнан тыс аяқталады.
Бұл заманауи менеджменттің, соның ішінде сапа менеджментінің ең
өнімді ережелерінің бірі.
Үдерістік көзқарас, сондай-ақ, түрлі авторлардың негізгі
функцияларының жинағын (бұдан əрі «Менеджменттің негізгі функ-
циялары» бөлімінде əртүрлі көзқарастар қарастырылады) анықтаудағы
айтарлықтай сəйкессіздіктерді жоюға себепкер болды. Үдерістік
көзқарас мəнін нақтырақ ашу үшін келесі негізгі (базалық) басқару
функциялары бөліп көрсетілді: жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеме,
бақылау; олар өзара əрекеттестікте болады. Базалық функцияларды
жүзеге асыру қосымша функцияларды жүзеге асыруды талап етеді –
шешімдер қабылдау мен ақпарат беру (коммуникациялар).
КСРО-да басқару теориясы мен практикасының тəжірибесіне
қарай отырып, өндірістік үдерістерді социалистік ұйымдастырудың
теориялық негіздерінің дамуына, əсіресе, О. И. Непорент көп үлес
қосқанын айту қажет. Барлық операцияларды ол өндіріс үдерісіндегі
олардың үйлесу белгісіне қарай жіктеді, сондай-ақ, олардың өндірістік
циклдің ұзақтығына əсерін көрсетті. Осы параметрге сəйкес ол
операциялардың үйлесуінің үш түрін анықтады: реттік, параллельдік
жəне параллельдік-реттік.
Достарыңызбен бөлісу: