26
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Осы бөлімге арналған
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛМЕН танысыңыз.
Білім беру мекемесі басшысының қызметінде, педагогтың оқу-
тəрбиелеу үдерісін басқару бойынша əрекеттерінде менеджменттің
ғылым жəне өнер ретіндегі ерекшеліктері қалай көрініс табатынын
қарастырыңыз.
2. Т. М. Баймолдаев [76, 10 б.] менеджментке деген əртүрлі
көзқарастарды салыстырмалы-салғастырмалы талдау арқылы оның
проблемалық өрісінің контурын анықтауға болады деп көрсетеді. Осы
тұрғыда оларға келесі мəселелер бөлінеді:
– барлық деңгейдегі басшылардың (менеджерлердің) басқару
стильдерін, жоспарлау мен маркетингті, стрестерді еңсеру жəне т.б.
бойынша кəсіби біліктілігін жоғарылату;
– басқарушы кадрларды даярлау жəне қайта даярлау тиімділігін
арттыру;
– ұйымның адами қорларын іздеу жəне белсендендіру;
– ұйымның қажеттіліктерін есепке ала отырып, менеджерлерді
бағалау жəне іріктеу;
– ұйым мақсаттарына жету үшін əлеуметтік-психологиялық кли-
матты бағалау жəне жақсарту, ұжымды біріктіру.
Тізімнен мəселелердің бірін таңдап, оның мазмұнын, оған енетін
жеке мəселелерді, білім беру мекемесінің практикалық қызметіндегі
олардың көрініс табу ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
3. Т. И. Шамова
менеджментті адамдардың еңбегін, олардың зия-
тын, сондай-ақ қаржы жəне техникалық қорларды жұмылдыру арқылы
мақсаттарды қою жəне оларға жету үдерісі, адамның айналасындағы
басқарушылық қызметтің арнайы түрі ретінде анықтайды. Т. Ф. Ло-
шакова
педагогикалық басқарудың мəнін аша отырып, оны ғылыми
коммуникация ұстанымдарына негізделген жəне оқу мекемесінің əр
мүшесінің де, сондай-ақ бүкіл ұйым мен қоғамның мақсаттарына жету-
ге əкелетін ерекше ұйымдастыру нысандары мен технологияларының
біріктірілуімен сипатталатын басқарушылық қызмет түрі ретінде
анықтайды.
Осы түсіндірулер негізінде «педагогикалық менеджмент» терминіне
өз анықтамаңызды беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: