238
лар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тəрбиелеу
үдерісін қамтамасыз ететін оқу орнының əкімшілік, қызметтер мен
бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға
медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асыра-
ды. Тəрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық жəне
көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген тəртіпте есеп құжаттамаларының сапалы жəне уақтылы
жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке жəне отбасы ту-
ралы», «Арнайы əлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды
əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау ту-
ралы», «Кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар
мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу
туралы» заңдарын жəне білім берудің даму бағыттары мен перспек-
тиваларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стан-
дартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық
ғылымның жəне практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін,
қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті
қорғау, техникалық қауіпсіздік жəне өртке қарсы қорғау нормалары
мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Достарыңызбен бөлісу: