Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет10/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Үлгілеу  дегеніміз – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен 

үрдістерді, олардың арасындағы функционалдық өзара байла-

ныстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық 

сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру. Макроэкономика-

лық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі:

- жалпылау дəрежесі бойынша: абстрактілі-теоретикалық 

жəне нақтылы-экономикалық;

- құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен 

көлемді;

- элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай: 

сызықтық жəне сызықтық емес;

- қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық: 

жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық – 

халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;

- уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт 

факторы есепке алынбайды, динамикалық – уақыт фактор ретінде 

қаралады.

 Макроэкономикада  əртүрлі  үлгілер қолданылады: ұлттық 

экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі, AD-AS үлгісі, Кейнс 

кресі үлгісі, IS-LM үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, Харрод үлгісі, 

Самуэльсон-Хикс үлгісі, Манделл-Флеминг үлгісі жəне т.б. Осы 

үлгілердің барлығы жалпы құралдар ретінде қолданылып, ұлттық 

ерекшеліктерге ие бола алмайды. Кез келген үлгі нақты елдің 

экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне бай-

ланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үдерістер 



15

динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты ба-

ғалануы тиіс.

Əрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы – фактор-

ларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мəселені 

макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті. Əрбір 

үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет