Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэ
ко-
номикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэ
ко
но-
микалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық мəселелерді рет-
теу үшін мемлекеттің шығындары мен салық салу механизмдерін
өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне
саналы түрде əсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық
табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне
жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер ете отырып, жұмыссыздық
пен инфляция сияқты макроэкономикалық мəселелерді шешуге
бағытталған.
Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары
бар:
1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп
отыру.
2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың
жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнкту-
ра) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:
1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.
2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |