IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – эко-
номиканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланы-
сын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының
эко
номикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне
ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін
қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R)
арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтан
да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табы-
лады.
Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инве-
стиция), n (таза экспорт), R (пайыз мөлшерлемесі).
Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар),
М
S
(ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы жəне нақты шамала-
ры сəйкес келеді, жиынтық табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі
(R) айнымалы болып табылады.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, М
S
(ақша
ұсынысы) өзгермелі шама, ал үлгідегі басқа да айнымалылар
нақты шама болып табылады.
IS-LM үлгісі:
1. игіліктер мен ақша нарықтарының өзара байланысын
жəне өзара тəуелділігін көрсетуге;
2. осы нарықтардың жекелеген тепе-теңдіктерін қалып
тас-
ты руға жəне біріктірілген тепе-теңдігін де қалыптастыруға əсер
ете тін факторларды анықтауға;
3. осы нарықтарда орын алатын тепе-теңдіктің өзгеруінің эко-
номикаға əсерін қарастыруға;
4. фискалдық жəне монетарлық саясаттардың тиімділігін тал-
дап көрсетуге;
5. жиынтық сұраныстың функциясын салуға жəне оған əсер
ететін факторларды анықтауға;
188
6. экономикалық циклдің əртүрлі фазаларына сəйкес тұрақ-
тандыру саясатының жолдарын талдап көрсетуге мүмкіндік
береді.
Сонымен, IS-LM үлгісі кейнстік тұрпаттағы үлгі болып табы-
лады, экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады жəне
жиынтық сұраныстың қазіргі теориясының негізгі қызметін
атқарады.
IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының
тепе-теңдігін сипаттайды жəне сол игіліктер нарығында туын-
дайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R жəне табыс деңгейі
Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді.
IS қисығын құру үшін:
1. жиынтық шығындар үлгісі;
2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшер-
ле месіне деген тəуелділік функциясы негіз болады.
IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы
құруға болады. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте жи-
нақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.
8.1-суретінде жинақтау функциясы бейнеленген, табыстың
(өндіріс көлемінің) Y
1
-ден Y
2
-ге көбеюіне байланысты жинақтар
S
1
-ден S
2
-ге өседі.
8.2-суретінде инвестиция функциясы бейнеленген, жинақтау
функциясының өсуі пайыз мөлшерлемесін R
1
-ден R
2
-ге азай-
тады, ал инвестиция I
1
-ден I
2
-ге өседі. Бұл жағдайда I
1
=S
1
I
2
=S
2
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |