де тартуды алға қойған. Сол арқылы экономиканың күрделі
355
мəселелерін шеше отырып, жаңа технологияны əкелуді жəне
экспортқа бағытталатын отандық өнімдердің бəсекелік қабі-
леттілігін арттыруды көздейді, сонымен қатар, ішкі нарықты
өзімізде шығарылған сапалы тауарлармен толтыруды жəне солар
арқылы ішкі сұранысты барынша қанағаттандыруды мақсат етеді.
Қорытынды
1. Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруа-
шылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халық-
аралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық
еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.
2. Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына əсер ететін
факторлар мыналар болып табылады: əлеуметтік-жағ рафиялық; табиғи
экономикалық; техникалық экономикалық фак торлар; ғылыми-техни-
калық прогресс.
3. Халықаралық сауда теориялары меркантилистер мен физио-
краттардың, классикалық саяси экономия өкілдерімен дами түсті.
Əсіресе, халықаралық саудада Д. Рикардоның салыстырмалы артық-
шылықтар теориясы маңызды орын алады, сонымен қатар А. Смиттің,
Милльдің, Хекшер-Олиннің, Леонтьевтің, Портердің теориялары ха-
лық аралық сауданы ары қарай дамыта түсті.
4. Сыртқы сауданы реттеуде мемлекеттік жүргізетін эконо
мика-
лық саясаттарын протекционистік саясат жəне еркін сауда саясаты деп
бөледі.
5. Сауда саясатында қолданылатын тарифтік жəне тарифтік емес
шектеулер орын алады. Тарифтік шектеуге кедендік баж салығы жатады,
ал тарифтік емес шектеулерге лицензиялар, квоталар, еркін экспорттық
шектеулер, демпинг, сауда эмбаргосы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: