машиналар, т.б. түріндегі негізгі капиталға салынатын инвести-
90
2. Тауарлы-материалдық қорларға инвестициялар (шикі-
заттар, отын-материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім
-
дер, т.б.)
3. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Инвестицияға əсер ететін негізгі фактор – пайыздық қойылым.
Пайыздық қойылым мен инвестицияның көлемі арасында кері
байланыс бар (4.3-сурет). Инвестицияға сұраныс қисығы –
пайыздық қойылымның кез келген шамасында салуға мүмкін бо-
латын инвестицияның көлемін сипаттайтын графикалық көрініс.
4.3-сурет. Инвестицияға сұраныс қисығы
Пайыздық қойылымнан басқа инвестицияның динамикасын
анықтайтын басқа да факторлар бар, яғни бұлар инвестицияға
сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжытады:
1. Техникалық құрылғылар мен оларды пайдалануға кететін
шығындар. Егер осындай шығындар көбейетін болса, онда пай-
да мөлшері кемиді де, инвестицияға деген сұраныс қисығы солға
жылжиды.
2. Салық салу деңгейі. Егер мемлекет бизнеске салынатын
салықтарды төмендетсе, онда кəсіпкерлердің өндіріске көп капи-
тал салуына мүмкіндіктері артады, яғни инвестициялық сұраныс
қисығы оңға жылжиды.
3. Технологиядағы өзгерістер. Егер өндіріске соңғы үлгідегі
технологиялық жетістіктер тартылса, онда инвестициялық жоба-
лар көптеп жасалып сұраныс қисығы оңға жылжиды.
4. Қолда бар негізгі өндірістік капиталдың көлемі.
5. Экономикалық күтім. Егер компания басшылары инвес-
тициялық жобалардан болашақта күтілетін пайда нормасын алуға
сенімді болса, онда олардың оптимистік мінез-құлқы орын алып
инвестициялық сұраныс қисығы оңға жылжиды жəне керісінше,
91
белгілі бір себептерге байланысты инвесторлардың пессимистік
жағдайлары орын алғанда инвестициялық салымдар қысқарып,
инвестициялық сұраныс қисығы солға жылжиды (4.4-сурет).
6. Жиынтық табыстың қарқыны.
4.4-сурет. Инвестициялық сұраныс қисығының жылжуы
Сонымен қатар, инвестицияның қарқынына əсер етуі мүмкін
ішкі саяси жағдайлар, демографиялық мəселелер, халықаралық
қатынастар, табиғи климат жағдайлары, қор биржаларындағы
өзгерістер сияқты сыртқы факторларды да міндетті түрде есепке
алған жөн.
Экономикада инвестициялар мен ЖІӨ көлемі үнемі бірін-
бірі қолдап отырады. Инвестициялар экономикалық өсуге, эко-
номиканың циклдік дамуына əсер етеді жəне керісінше, ЖІӨ (не-
месе, ұлттық табыс) көлемінің артуы инвестициялардың өсуіне
ықпал жасайды. Соған байланысты, таза инвестициялардың мы-
надай түрлері ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: