28. Экономика тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарайық. Бұл жер-
де жинақтауға шекті бейімділік 0,25-ке тең. Импорттауға шекті
бейімділік 0-ге тең. Егер үкімет салықтық түсімдерді өзгертпей
мемлекеттік шығындарды 2 млрд. теңгеге арттырса, онда өндірістің
тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді?
а) 6 млрд. теңгеге өседі
ə) 4 млрд. теңгеге өседі
б) 2 млрд. теңгеге өседі
в) 8 млрд. теңгеге өседі
29. Мемлекеттік бюджет тапшылығының осы уақытқа дейін
жиналып келген жиынтық сомасы:
а) тікелей салықтар
ə) мемлекеттік қарыз
б) мемлекеттік несие
в) мемлекеттік шығындар
30. Салықтардың жоғарылауынан:
а) еңбек ұсынысы төмендейді
ə) жинақтау мөлшері төмендейді
б) салықтық түсімдердің көлемі төмендейді
в) аталғандардың барлығы дұрыс
|