Қорытынды
1. Ақша – бұл абсолютті өтімділікке ие айырбас құралы. Ақшалар
инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-
теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша нарықтарының тиімді
жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория
ретінде саналады.
2. Ақша мынадай қызметтерді атқарады: 1) құн өлшеу құралы
ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу жəне салыс-
тыру үшін қызмет атқарады; 2) айналым құралы немесе жалпылама
айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет
атқарады; 3) жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта са-
тып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 4) төлем
құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады;
5) əлемдік ақшалар ретінде – əлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін
қолданылады.
3. Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша
ұсынысының нəтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (М
d
)
– тұр ғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір
төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қол-
дарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша
қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері.
4. Ақша ұсынысы (M
S
) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі.
Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге
158
дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M
1
ақша
агрегаты деп қарастыруға болады.
5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі
жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін
ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Ұлттық банк
реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |