Негізгі түсініктер: IS қисығы; LM қисығы; IS-LM үлгісі;
тиімді сұраныс; тұрақты бағалар бойынша IS-LM үлгісі; өз-
гермелі бағалар бойынша IS-LM үлгісі; инвестициялық тұзақ;
өтімділік тұзағы; ақша-несие саясатының салдары; бюджет-са-
лық саясатының салдары; ығыстыру əсері жəне т.б.
Тақырыптың мазмұны.
AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сырт-
қы (экзогендік) айнымалы болып табылады жəне тауар нары-
ғының тепе-теңдігіне тəуелсіз бола отырып, ақша нарығында
өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеу-
дің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге
келтіру. Соның нəтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі
ішкі (эндогендік) ай нымалыға айналады жəне оның шамасы тек
ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар
нарығын дағы жағдайларды да сипаттайды.
Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен
187
ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш
рет неокейнстік мектептің өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты
Джон Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс жəне классиктер» деген
еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы, сол мектептің тағы бір өкілі
Элвин Хансеннің «Ақша теориясы жəне қазыналық саясат» атты
кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты Хикс-
Хансен үлгісі деген атқа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |