Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет238/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Негізгі түсініктер: еңбек нарығы; еңбек нарығының ерек-

шеліктері; еңбекке деген сұраныс факторлары; еңбекке деген 

ұсыныс факторлары; еңбек нарығының қызметтері; жұмыс кү-

ші; жұмыссыздық; фрикциондық жұмыссыздық; құрылымдық 

жұмыссыздық; циклдік жұмыссыздық; толық жұмысбасты лық; 

жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; жұмыссыздықтың табиғи дең-

гейінің факторлары; Оукен заңы; еңбек нарығын мемлекеттік 

реттеудің негізгі бағыттары.



Тақырыптың мазмұны.

Макроэкономикада,  еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – 

жұмыс күшін сату жəне сатып алумен байланысты экономика-

лық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау ме-

ханизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне 

жəне еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс жəне оған де-

ген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері 



202

ретінде кəсіпкерлер ірі монополистер, шағын жəне орта бизнес-

мендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер жəне олардың ассо-

циациялары (кəсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында 

қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны 

болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипаттала-

ды. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің 

арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен 

жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тəуелді болып табылады.

Жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныстың факторлары:

- жұмыскерлермен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге де-

ген сұраныс көлемі;

- еңбек ресурстарына деген бағалардың деңгейі, яғни жалақы 

деңгейі;

- өндіріс үдерісіндегі капитал мен еңбектің өзара алмастыры-

лу дəрежесі;

- экономикалық циклдің фазалары;

- елде орын алып отырған экономикалық жағдаят;

- ғылыми-техникалық прогресс;

- жұмыс берушілердің монопсониялық əрекеттері.

Жұмыс күші ұсынысына əсер ететін факторлар:

- демографиялық факторлар;

- еңбек ресурстарының əртүрлі демографиялық жəне этни ка-

лық топтарының экономикалық белсенділік деңгейі;

- жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы;

- еңбекке қабілетті халықтың имиграциясы;

- жұмыскерлерің кəсіби біліктілік дайындығының деңгейі;

- жұмыс күнінің ұзақтылығы;

- кəсіподақтардың жұмыс күшін монополиялық тұрғыдан 

сатудағы əрекеттері;

- жалақыдан басқа табыс алудың басқа да мүмкіндіктері;

- жұмыс орнын таңдау кезіндегі еңбек жағдайының қолай-

лылығы.

Еңбек нарығының экономикалық жəне əлеуметтік деген екі 

негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілет-

ті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз 

етуден көрінеді, ал əлеуметтік қызметі жұмыскерлердің жəне 

олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін 

қамтамасыз етумен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет