«Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жəне елді
индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс
орны құрылатын болады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты
қамтиды:
1. Кəсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға
алу;
2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға
жəрдемдесу;
3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік
бол
маған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге
баруға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға»
бағдарламасын да кіріктіріп, оны сəтті түрде жүзеге асыру назар-
дан тыс қалмайтын болады.
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мə-
ліметтері бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағ-
дайы туралы бірқатар мəліметтерді қосымша беруге болады.
2011 жылғы I-тоқсанда 15 жəне одан жоғары жастағы эко-
номикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды
құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6%-ға көп.
Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтыл-
ды немесе 15 жəне одан жоғары жастағы халықтың 67,2%. Өткен
жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 105,2 мың
адамға (1,3%-ға) артты.
Жұмыспен қамтылғандардың құрамындағы жалдамалы жұ -
мысшылардың пайыздық үлесі 67,2% болды, ал өздігінен қам-
тылғандар (самозанятые) 32,8%-ды құрады. Жалданып жұ-
мыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік жəне мемлекеттік
емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,7% (4,5 млн. адам).
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құ-
рады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз
қызметін ауыл шаруашылығында (62,1%), сондай-ақ, сауда сала-
сында (22,6%), көлік қызметін көрсетуде (4,9%) жəне құрылыста
(4,0%) жүзеге асырды.
|