Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет448/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   525
Хn = ƒ (ε).

Нақты айырбас бағамының формуласынан оның атаулы айыр-

бас бағамына жəне екі елдегі бағалар деңгейіне тəуелділігін 

көруге болады. Өз кезегінде, атаулы айырбас бағамына бірқатар 

негізгі факторлар əсер етеді:



378

− 

елдердің ЖІӨ-гі немесе ұлттық табысындағы салыстыр-



малы өзгерістер. Мысалы, Қазақстанда ЖІӨ Ресейге қарағанда 

тезірек өсетін болса, онда бұл Қазақстанның аса ауқатты аза-

маттары өз сұраныстарын импорттық тауарларға да арттыра-

ды дегенді білдіреді. Сəйкесінше, импорт үшін ресейлік валю-

та қажет жəне ресейлік рубльге деген жоғары сұраныс теңгенің 

айырбас бағамын төмендетуге алып келеді;

− 

нақты пайыздың салыстырмалы қойылымдары. Егер Қа-



зақстанда нақты пайыздық қойылым Ресейге қарағанда жоғары 

болса, онда капиталдар Қазақстанда ағылып, валюталық нарықта 

ресейлік рубльдің шамасы салыстырмалы түрде көбейе бастай-

ды жəне оның бағамы төмендейді, ал теңгенің айырбас бағамы 

артады;

− 

алыпсатарлық операциялар жəне күтімдер. Егер валю талық 



алыпсатарлар, мысалы, егер Еуроодақ елдерінде экономикалық 

өсудің қарқыны АҚШ-пен салыстырғанда жоғары болатындығын 

білсе немесе күтсе, онда еуроға сұраныс артады, ал долларға 

сұраныс қысқарады жəне оның айырбас бағамы төмендейді.

Ендігі назарды нақты айырбас бағамының динамикасына 

əсер ететін аса маңызды фактор – бағалар арақатынасының өз-

ге 

рісіне аударамыз. Мұндағы ең басты мəселе болып əртүрлі 



ел дердегі инфляция қарқынының арақатынастары табылады. 

Егер Қазақстанда инфляция қарқыны жəне оның күтімі Ресей-

мен салыстырғанда жоға-ры болса, онда уақыт өте келе өзіміздің 

теңгеге ресейлік рубльдің аз ғана бөлігін сатып алуға тура келеді 

немесе бір рубльге теңгенің көп бөлігін беру қажет. Осыған орай, 

біз Орталық банктің ақша-несие саясаты мен валютаның айырбас 

бағамы арасында тығыз байланыстың бар екендігін айта аламыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет