Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың əртүрлі өмір
кезеңдерін
де бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты
түрде ауысып оты
руына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі
еркін жұмыссыздық.
Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат –
ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдайтын
мемлекеттің еркін сауда саясаты.
Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашы-
лықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы.
Халықаралық экономика – макроэкономиканың ашық эконо-
микада ғы мəселелерді қарастыра отырып, əлем елдері арасында тауар-
лар мен қызметтерді сату-сатып алу, қаржылық қатынастар жəне өндіріс
факторларымен өзара алмасу саласындағы іс-əрекеттерді зерттейтін
бөлімі.
Хекшер-Олин теоремасы – егер халықаралық сауданың кезкел-
ген қатысушысы өз əріптестеріне қарағанда қандай да бір фактордың
үлкен көлеміне ие бола отырып, сол факторды тауарлар өндірісінде
интенсивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға
тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме.
Достарыңызбен бөлісу: |