Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет67/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

мының жылдамдығы деген факторлар да жатады.

Жиынтық ұсыныс  (AS) – бұл экономикада бағалардың 

əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (не-

месе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы 

саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты 

ЖІӨ деп те атайды. 

Жиынтық ұсыныс  (AS)  қисығы  – бұл ұсыныс көлемі-

нің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін 

графи калық  көрініс.

AS қисығының сипатына бағалық жəне бағалық емес фак-

торлар əсер етеді. Біріншісі жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді 

(AS қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы, 

ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлемін-

дегі, фирмаларға салық салудағы, нарықтар құрылымындағы 

өзгерістер жəне т.б.) AS қисығын оңға немесе солға өзгертеді.

AS қисығы статикалық жəне динамикалық тұрғыдан қарас-

тырылады.

Алайда статикалыққа қарағанда AS-ң динамикалық қисығы 

ұлттық өндіріс көлемінің өзгерісіне инфляция қарқынын бағалау 

үшін қолданылады. 

AS қисығы классикалық жəне кейнстік мектептер тұрғысы-

нан əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың 

өзгеруінен жиынтық ұсыныс шамасының өзгерісі бірдей бол-

майды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді, яғни жиын-

тық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ 

мерзімдерде) қарастырылып отырғандығы маңызды болып та-

былады. 

Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет