Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет21/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132
Байланысты:
МДП керек Эл кітап

теориялық талдау
тақырыптағы негізгі ұғымдарды 
жан-жақты қарастыруды, зерттеу бойынша түрлі көзқарастарды, 
бағыттарды (философиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) 
салыстырмалы талдауды көздейді. Талдауда автордың өз қорытындысы, 
классификациясы, тұжырымдалған ұғымдар, оларға толықтырулар 
көрсетіледі. Теориялық талдау мен қорытынды зерттеу проблема-
сы бойынша әдебиетті жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырыла-
ды. Проблеманы теориялық талдау зерттеушінің өзіндік түсінігінің 
тереңдеуіне, қайшылықтар мен зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу 
міндеттерін шешудің мүмкін болатын нұсқаларын көре білуге жағдай 
жасайды.
Эксперимент аясында оқытуды, тәрбиелеуді, түзетулер енгізуді 
және т.б. жүзеге асыру үшін педагогикада бар тәжірибені автоматты 
түрде (оған өз үлесін қоспай, бейімдемей, толықтырмай, құрмай, жаңа 
тәсілдермен байытпай және т.с.с.) пайдалану зерттеу проблемасын өз 
бетімен шешу болып есептелмейді. 
Педагогикалық процеске эксперименттік факторларды енгізудің 
жағымды және жағымсыз жақтарын 
болжау. Болжау 
ойлаған ойды 
жүзеге асыруда қателіктер кездескен жағдайда алдын ала түзетуге, экс-
перимент жүргізушінің қиыншылықтарының сипатын алдын ала көре 
білуге мүмкіндік туғызады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың мақсатын, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін анықтайды; 
мектепке дейін білім беру практикасындағы проблемаларды тал-
дайды және теориялық және практикалық талдау негізінде пробле-


28
маны шешудің өзіндік нұсқасын құрады. Зерттеуші тәжірибелік-
эксперименттік апробациялауға жататын педагогикалық ақикатты 
жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешенін жасайды 
Зерттеушінің тәжірибелік-эксперименттік қызметі бірнеше 
кезеңнен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет