Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Зерттеу, үйрету мүмкіндіктерін қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет111/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132
Зерттеу, үйрету мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Қамтамасыз ету жолдары: заттармен эксперимент жасау үшін, өз 
бетімен және педагогтың жетекшілігімен тәжірибе қою үшін жағдай 
жасау, осылар арқылы әртүрлі жағдайда заттардың қасиеттерін, са-
пасын, ерекшеліктерін танып білу; орта объектілерінің ішіндегі және 
инициативаны дамытушы проблемалық элементтердің болуы, таным 
процестері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі.
Топтағы барлық балалардың таным іс-әрекетіне қатысу 
мүмкіндіктері.
Қамтамасыз ету жолдары: толық және балалардың жас 
ерекшеліктеріне, білім беру процесінің мақсаттары мен міндеттеріне 
және басқа да факторларға қарай өзгертіліп отыратын жеткілікті 
мөлшерде түрлі заттық материалдардың, белсенділік зонасының болуы 
(ойын, қозғалғыш, танымдық, көркемдік, еңбек).
Топта дамыту ортасын жасағанда педагог мыналарды орындауы тиіс:
• 
нақты 
түсінген 
тұжырымдамалық 
психологиялық-
педагогикалық идеяларға сүйену, дамытушы орта компоненттерін 
қалыптастырудың заманауи тұжырымдамаларын білу;
• 
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 
әдістемесін меңгеру;
• 
мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі қолданыстағы дамыту орта-
сына, оның негізгі мақсаттарына, мазмұнына, жетекші түрлеріне және 
оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне сәйкес белгілі бір талаптар қоятын 
білім беру бағдарламасын ескеру;
• 
балалардың жас және жеке ерекшеліктері мүмкіндіктеріне, 
бейіміне, даму деңгейіне қарай бағдарлау;
13–7463


194
• 
өздерінің қабілеттерін, бейімін, мүддесін пайдалану;
• 
топ ортасын жобалағанда және құрғанда балалар мен ата-
аналардың мүмкіндіктерін және талап-тілектерін қарастыру.
Ортаның ұсынылған сипаттарының болуы оны жобалағанда
педагогтың еркіндігі мен шығармашылдығын шектемейді, мектепке 
дейінгі мекеме бейнесін жасауда бағдар болады, бұл процесс негізгі 
тұжырымдамалық позицияларды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет