Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің



Pdf көрінісі
бет81/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

7.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің 
құрылымы, оның элементтерінің сипаты
Ойынға іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері тән: мотив, 
мақсат, жоспарлау, орындау құралдары, ойын әрекеті, нәтиже.
Ойынның құрылымдық элементтеріне қысқаша сипаттама берейік.
Ойын әрекетінің мотивациясы оның еріктілігімен, таңдау 
мүмкіндіктерімен және жарыс элементтерімен, балалардың белсенділік 
танытудағы сұранысын қанағаттандырумен, қолдаумен, аяғынан 
тұрғандығымен, өзін көрсете алумен қамтамасыз етіледі.
Ойынның мақсаты. Әрбір ойынның мақсаты болады. Ол нақты 
әрі бала түсінген (қуыршақты тамақтандыру, космосқа ұшу, тығылып 
қалғандарды табу, карточкаларды түсіне қарай бөлу және т.с.с.). 
Мақсаттар еліктеуден ойланғанға, мотивтендірілгенге қарай эволюци-
яландырылады.


128
Ойын әрекетін жоспарлау дегеніміз - алдын ала немесе ойын ба-
рысында оның процессуалдық жақтарын ойластыру (амалдардың 
реттілігі, сюжетпен жұмыс істеу, рөлдер кешені, олардың қатынастық 
үлесі, өзара ықпалдастық ережесі). Бұл компонент толыққанды түрде 
мектепке дейінгі ересек жасқа қарай көрінеді.
Ойын үшін балалар өздері немесе үлкендердің көмегімен ойын 
құралдарын – ойыншықтарды, заттарды, материалдарды, ойын 
жағдайын таңдайды.
Ойын амалдары көмегімен ойын сюжеті, рөлдер орындалады. 
Рөлдердің әрқайсысына өзінің негізгі ойын амалдарының комплексі тән 
болады. Мысалы, дәрігер тыңдайды, дәрі жазып береді, ауруды емдейді 
және т.б. – ережелі ойындарда ойын амалдарының сипаты мен реті 
анық белгіленеді, өйткені онсыз ойын ойнау мүмкін емес.
Ойын нәтижесі іс-әрекеттің өнімді түрлерінен айырықша, жағымды 
эмоцияда, баланың негізгі сұранысын қанағаттандырғандықта, 
белсенділікте, 
қолдауда, 
қорғалғандығында, 
қарым-қатынаста 
көрінеді. Жасына сай ойын әрекетін дамыту деңгейінде ойынның 
тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық эффектісі бар және әлеуметтік, 
коммуникативтік, психотерапевтік, коррекциялық, диагностикалық,
алдандырушылық функцияларын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет