Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет44/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

4.5 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Әрбір жас кезеңінде тәрбиенің жалпы және өзіндік ерекшеліктері 
болады. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала тәрбиесінің ерекшеліктерін 
қарастырайық. Оларды екі топқа бөлеміз, бірінші тобы – жалпы, ол 
адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең 
бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты.
Ерекшеліктердің бірінші тобы
Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, 
білімі мен білігін тәрбиелеудің, үлкен адамдардың баланың 


64
айналасындағы өмірге, өзіне және басқа адамдарға қарым-қатынас 
жүйесін қалыптастырудың
бағыттылығы. 
Тәрбие процесінің 
көпфакторлығы
– тәрбие процесінде тәрбие 
үдерісінің күрделендіруге себеп болатын көптеген субъективтік 
және объективтік факторлардың кездесуі, Мектепке дейінгі тәрбиеге 
әлеуметтік сұраныс, қоғамның экономикалық, құқықтық, саяси даму 
деңгейі, педагогты кәсіби даярлау деңгейі, білім беру ортасы мен 
эмоционалдық климат, балалардың тәрбиеленгендік деңгейі, мектепке 
дейінгі мекеме саясаты, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы, 
отбасындағы ахуал – факторлардың жиыны, олардың әрқайсысы мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесіне және оның нәтижесіне 
өзінің ықпалын тигізеді. 
Тәрбиенің
үздіксіздігі
– баланың күн тәртібіндегі барлық іс-
әрекетінде жүретін процесс. Тәрбие стихиялы және мақсатты түрде 
бала өмірінің әр сәтінде болып тұрады. Тәрбиелеу процесі аяқталмайды. 
Оның аяқталуы шартты түрде, белгілі бір уақыт аралығында баланың жас 
кезеңінің аяқталуымен байланысты болады. Тәрбие процесінің мұндай 
шартты түрде аяқталуы оның сапасын бағалауда, тәрбиеленгендік 
нәтижелерін диагностикалағанда, отбасында және мектепке дейінгі ме-
кемеде тәрбие барысына түзету енгізгенде маңызды.
Тәрбие процесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет