24
-
қолданбалы - олар педагогикалық процестің жекелеген жақтарын
терең зерттеуге, педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға
бағытталған; оның нәтижесі белгілі теориялық қағидаларды ескере
отырып нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасап негіздеу бо-
лып табылады.
Мектепке дейінгі педагогика және білім беру саласындағы
педагогикалық зерттеулердің сапасының негізгі критерийлері:
өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеудің бұл критерийлерге сәйкестік дәрежесін оның маңыздылығы
мен сапалық деңгейі анықтайды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер белгілі бір логика бойынша
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: