Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Б) Аналитикалық (қорытынды, бағалау-нәтижелілік) кезең



Pdf көрінісі
бет20/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
Б) Аналитикалық (қорытынды, бағалау-нәтижелілік) кезең. 
Ол тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың аяқтау кезеңі болады. Бұл 
кезеңнің міндеті - жүргізілген «бақылаулардың» нәтижелерін сандық 
және сапалық талдау. Зерттеуші қалыптастыру іс-әрекетін аяқтағандағы 
педагогикалық процестегі өзгерістердің сипатын бақылауы қажет. 
Алынған нәтижелерді өзара бір-бірімен салыстыру қажет:
- эксперименттік топтағы қалыптастырушы іс-әрекеттің 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың басындағы және аяғындағы 
нәтижелері,


31
бақылау тобындағы қалыптастырушы іс-әрекеттің тәжіри-белік 
эксперименттік жұмыстың басындағы және аяғындағы нәтижелері; 
эксперименттік және бақылау топтарындағы қалып-тастырушы 
іс-әрекеттің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының басындағы 
және аяғындағы нәтижелері.
Жүргізілген жұмыстың тиімділігі туралы қорытынды бақылау 
тобындағымен салыстырғанда эксперименттік топта (қалыптастырушы 
аспектіде) оң өзгерістер анық және айқын болған жағдайда ғана жа-
салады. Егер зерттеу аспектісінде сапалық және сандық нәтижелер 
екі топта да бірдей болса, онда күтілген және алынған нәтижелердің 
айырмашылық себептерін іздеп және талдау қажет, болжамға түзетулер 
енгізу керек болады. Бақылау тобына қарағандағы эксперимент 
тобының нәтижелерінің төмендігі болжамның қате екендігін және білім 
беру процесіне өзгерістер енгізу қажет екендігін көрсетеді
Педагогикалық практикаға автор ұсынған өзгерістердің дұрыс 
екендігі жөніндегі тұжырым жүргізілген эксперимент жұмысының 
қорытындысы және зерттеудің түйіні мен ұсыныстарын жасауға негіз 
болады.
Бұл кезеңде зерттеуші жұмысын қорытындылайды, жүргізілген 
зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша оның негізгі түйіні мен 
ұсыныстарын жасайды. Қорытынды зерттеу жұмысының логикалық 
аяқталғандығын көрсетеді және теориялық талдау нәтижелері мен 
тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жинақтап қорытады. Сол сияқты 
зерттеу жұмысының соңғы кезеңінде ғылыми проблеманы ары қарай 
жалғастырудың негізгі перспективалық бағыттары көрсетіледі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс зерттеуші үшін ғана емес, 
жалпы педагогикалық ақиқат жөнінде жаңа ақпараттар алу мақсатымен 
жүргізіледі. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының аяқтаушы бөлімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет