Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет40/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128
4.5 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Әрбір жас кезеңінде тәрбиенің жалпы және өзіндік ерекшеліктері 
болады. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала тәрбиесінің ерекшеліктерін 
қарастырайық. Оларды екі топқа бөлеміз, бірінші тобы – жалпы, ол 
адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең 
бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты.
Ерекшеліктердің бірінші тобы
Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, 
білімі мен білігін тәрбиелеудің, үлкен адамдардың баланың 


64
айналасындағы өмірге, өзіне және басқа адамдарға қарым-қатынас 
жүйесін қалыптастырудың бағыттылығы. 
Тәрбие процесінің көпфакторлығы – тәрбие процесінде тәрбие 
үдерісінің күрделендіруге себеп болатын көптеген субъективтік 
және объективтік факторлардың кездесуі, Мектепке дейінгі тәрбиеге 
әлеуметтік сұраныс, қоғамның экономикалық, құқықтық, саяси даму 
деңгейі, педагогты кәсіби даярлау деңгейі, білім беру ортасы мен 
эмоционалдық климат, балалардың тәрбиеленгендік деңгейі, мектепке 
дейінгі мекеме саясаты, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы, 
отбасындағы ахуал – факторлардың жиыны, олардың әрқайсысы мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесіне және оның нәтижесіне 
өзінің ықпалын тигізеді. 
Тәрбиенің үздіксіздігі – баланың күн тәртібіндегі барлық іс-
әрекетінде жүретін процесс. Тәрбие стихиялы және мақсатты түрде 
бала өмірінің әр сәтінде болып тұрады. Тәрбиелеу процесі аяқталмайды. 
Оның аяқталуы шартты түрде, белгілі бір уақыт аралығында баланың жас 
кезеңінің аяқталуымен байланысты болады. Тәрбие процесінің мұндай 
шартты түрде аяқталуы оның сапасын бағалауда, тәрбиеленгендік 
нәтижелерін диагностикалағанда, отбасында және мектепке дейінгі ме-
кемеде тәрбие барысына түзету енгізгенде маңызды.
Тәрбие процесінің кешенділік сипаты өзара ықпалдас 
компоненттердің көптүрлілігін (мақсаттық, мазмұндық, процессуалдық) 
қамтиды, олар өзара ықпалдастық және өзара бағыну жағдайында бо-
лады: 
- тәрбиенің мазмұндық элементтері (дене, ақыл-ой, әлеуметтік-
адамгершілік, эстетикалық, еңбек, құқықтық, жыныстық, экологиялық 
және т.б.);
- тәрбие процесінің құрылымдық компоненттері (мақсаттары, 
міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижелері);
- субъектілері – тәрбие процесіне қатысушылар (психологиялық, 
педагогикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық-
техникалық).
Балалар мен үлкендердің арасындағы кері байланысқа құрылған 
тәрбиенің екіжақты сипаты. Үлкендердің баланың тәрбиелілігі, 
тұлғалық ерекшеліктері жөнінде ақпараттары неғұрлым көп болса, 
солғұрлым тәрбие нәтижелі болады.
Тәрбие 
нәтижелерінің 
бір 
мағыналы 
еместігі 
және 
анықталмағандығы – бірдей жағдайда тұлғалық қасиеттері, әдет-
ғұрыптары, тәрбиеленгендік дәрежелері, тәртібі әртүрлі балалар 


65
тәрбиеленеді. Екі бірдей жағдайда мүлдем әртүрлі нәтижелер болады, 
өйткені субъективті фактор әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет