Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картографияның жаңа кезеңде дамуы



Pdf көрінісі
бет141/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картографияның жаңа кезеңде дамуы
. ХVІІІ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап топографиялық түсірулердің бірқа тар 
бөлігі əскери ведомстваларға өте бастады. 1797 жылы импера тор-
дың Карта депосы ұйымдастырылды. Депоның бастамасы мен «кар-
талар мен атластар құру картасы» құрылды. 1812 жы лы Əскери 
министрліктің құрамына өтіп атауы «Əскери-топография 
лық 
депо», 1822 жылы əскери-топографиялық корпус болып өзгертілді. 
Жүз жыл ішінде əскери-топографиялық қызмет триан 
гу 
ля 
цияны 
қолдау, астрономиялық қосындарда бақылау жəне 10 млн шақырым
2
аумақта топографиялық түсіру жұмыстарын жүр гіз ді. 
Жаңа топографиялық карталардың қатарына ХІХ ғасырдың 
ортасында бастырыла бастаған Ресейдің Еуропалық бөлігінің 
1:162 000 масштабты картасын жатқызуға болады. Аталған кар-
тада жазық жерлер бедерінің ерекшеліктерін ашып көрсету үшін 
штрихтардың арнайы түрлері жасалды.
ХІХ ғасырда ғалымдардың қолдауымен арнайы мекемелер 
құрылып тақырыптық картаға түсіру ісі қарқынды жүргізіле ба-
стады. 1882 жылы елдің геологиялық картасын құруда жетекші 
рөл атқарған Геологиялық комитет құрылды.
Экономикалық карталар ертерек шыға бастады. Олардың 
қатарына «Еуропалық Ресейдің өнеркəсібі» (1842ж.) жəне 


235
«Еуропалық Ресейдің шаруашылықтық-статистикалық атла-
сын» (1851ж.) жатқызуға болады. П. П. Семенов-Тян-Шанский 
экономикалық жəне халықтар карталарын, В. В. Докучаев 
топырақ карталарын құрудың негізін қалады. 
Ресей картография өндірісіндегі маңызды жетістіктердің бірі 
орыс шаруаларын Орта Азияға, Қазақстан мен Сібірге, Қиыр 
Шығысқа қонысаудартуға байланысты 1914 жылы Қоныстандыру 
басқармасы шығарған «Азиялық Ресейдің атласы» болды. 1884
жылдан бастап картография Д. Н. Анучин география кафедра-
сында университеттік картография пəнін енгізеді. ХІХ ғасырдың 
соңында картографияның дамуына Орыс география қоғамы 
зор үлес қосты. Олар ұйымдастырған көптеген экспедициялар 
нəтижесінде жиналған орасан зор материалдар карталар мен ат-
ластар құру барысында қолданылды. ХІХ жəне ХХ ғасырлардың 
аралығында қалыптасу үрдісі мен картография мен географияның 
байланысы жөніндегі анықтамалар күшейді.
К. А. Салищевтің көзқарасы бойынша өз алдына дербес ғылым 
ретінде картография жаңа кезеңде қалыптасты. Өйткені В. Н. 
Татищевтің анықтамасы бойынша картография математикалық 
география ретінде физикалық жəне саяси география сияқты 
географияның құрамында болған. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде 
картографияның дамуына əскери геодезист профессор Василий 
Васильевич Вятковский зор үлес қосты. 1898 жылы оның три-
ангуляциялау барысында жүргізілетін есептеуге негіз болатын 
«Практикалық геодезия», 1904 жылы əскери топографтарға 
арналған «Топография», 1907 жылы картографиялық проекция-
лар туралы іргелі еңбегі «Картография» оқулықтары жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет