Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Столүсті ақпараттық жүйелері



Pdf көрінісі
бет285/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   292
Столүсті ақпараттық жүйелері 
(САЖ)
 
– түстер бөлінген позетивті 
енгізу, өңдеу жəне ақпараттарды шығару жүйелерін қамтитын карталарды 
басып шығарудың заманауи компьютерлік технологиялары. Пайдаланатын 
құрал-жабдқтарға жеке компьютерлер, шағын форматты сканерлер, А-4 
А-3 форматты ақ-қара жəне түрлі-түсті лазерлі жəне тамшылататын прин-
терлер жатады. 
Сфероид 
– PGP
1
G
1
P эллипсоидын жердің РР
1
кіші білігінен 
айналдырғанда түзілетін эллипсоидының айналу денесі.
Сызықтардың ұзындықтарының бұрмалануы
– жер бетінің белгілі 
бір бөлі гін жазықтыққа көшіргенде ұзындық масштабының өзгеруінен пай-
да бо лады.
Сызықтардың байланыспауы
– Жер бетінің көлбеулігіне, өлшем 
жұмыс та рын дағы қателіктерге байланысты бірінші жəне соңғы нүктелердің 


455
бір-бірімен байланыспауы. Сызықтардың бір-бірімен үйлеспеуін бірінші 
жəне соңғы нүктенің арақашықтығын ұзындық өлшегіш құралдармен өл-
шеп алып, циркульді көлбеу масштабына қою арқылы метр есебімен анық-
тап, абсолют қателікті табады.
Топографиялық карталар -
жергілікті жердің шағын аумағындағы 
табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу 
ерекшеліктері мен негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі 
жəне орта масштабты жалпы географиялық карталар. Олар ірі масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) (1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне 
1:5000), нағыз топографиялық (1:5000-1:200000), топографиялық шолу 
карталары (1:500 000-1:1 000 000) деп үш топқа бөлінеді.
Топографиялық карталарды беттеу
– кең көлемді аумақты қамтитын 
топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі. Картаның əр 
беті параллельдермен меридиандармен шектелетіндіктен кескінделген 
аумақтың жер элипсоидындағы орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында 
нақты көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет