Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ғарыштық түсірулерді топографиялық жəне жалпы



Pdf көрінісі
бет261/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ғарыштық түсірулерді топографиялық жəне жалпы 
географиялық карталарды құруға пайдалану
. Ғарыштық 
түсірулерді Жер бетінде жүргізілетін жəне аэрофототүсірулермен
қамтамасыз етілмеген аз зерттелген жəне қолжетімділігі қиын 
аудандардың топографиялық карталары үшін қолданады. Бұл 
жағдайда ғарыштық түсірулер 1:50 000-1:200 000 мыңға дейінгі 
ірі масштабты топографиялық карталарды құруға мүмкіндік 
береді. Олардың негізінде жергілікті жерді барлау жəне қосымша 


433
топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу арқылы толық 
қанды топографиялық карталар жасалады.
Ғарыштық түсірілімдерді үлкен өзгерістері бар аудан-
дардың топографиялық карталарын жаңарту үшін пайдала-
ну
. Ғарыштық түсірілімдер ірі масштабты карталардың жаңар-
тылуын күтпестен орта жəне ұсақ масштабты карталарды тікелей 
фототүсірілімнен жаңартуға мүмкіндік береді. 
Ғарыштық түсірілімдерді карталардың жаңартылу 
мерзім дерін анықтау үшін пайдалану
. Ғарыштық түсірілімдерді 
пайдаланып жергілікті жердің түрленуі мен шаруашылыққа 
пайдалану деңгейі əртүрлі аудандардың карталарын жаңарту 
мерзімдерін белгілеуге болады.
Картаның түпнұсқасын камералық өңдеу жолымен түсірілім 
бойынша картаның ескіруін жəне топографиялық карталардың
толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететін беттерін 
анықтайды. Сонымен қатар, барлық масштабтар үшін немесе 
ұсақ тан біртіндеп іріге қарай кезекпен барлық қарталарды жаңар-
туға мүмкіндік туада.
Ғарыштық түсірілімдер бойынша көптеген тақырыптық карта-
лар да құрылуда. Оларға орографиялық, геоморфологиядық, ауыл 
шаруашылық; қазіргі кезеңдегі табиғат қорлары жағдайының, 
бағалау, болжау карталарын, қоршаған ортаны қорғаудың кешенді 
карталарын қамтитын тақырыптық карталар серялары жатады. 
Елімізде шаруашылықтық мақсатта бірінші кезекте игерілетін 
аудандар үшін ғарыштық ақпараттар негізінде табиғат корларын 
кешенді бағалау жəне тіркеу бағдарламасы жасалып, табиғаты 
мен болашақта шаруашылықты тиімді дамыту бағыттарын си-
паттайтын сол аумақтардың алуан түрлі тақырыптық карталары
құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет