Изобарлар – климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер
бетіндегі атмосфералық қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық.
Изогондар – тақырыптық карталарда
бір датада түсетін құбылыстарды
қосатын қисық сызықтар.
Изодазалар – тақырыптық карталардағы халықтың тығыздығы бірдей
нүктелерді қосатын қисық сызық.
IERS – Жер айналуының халықаралық қызметі (International Earth
Rotation Service).
Картографиядағы теориялық тұғырнамалар – картография пəні
мен оның əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі
кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқындайтын
үдерістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастырылады. Тұғырнамалардың
эволюциясы жаңа прогрессивті заманауи əдістер мен технологияны, озық
тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру дəрежесіне сəйкес ескіргендерінің
жаңаға орын беруі арқылы көрініс табатын ғылым теориясының біртіндеп
даму жолы айқындайды.
Картаны құрастыру – картада қамтылған аумақ -
тың мазмұнын айқындайтын негізгі картографиялық кескіндер мен қосым-
ша жабдықтаушы құрамдас бөліктерін қағаз бетіне орналастыру сипаты.
Картаны тиімді құрастыру міндетін жүзеге асыру салатын суретін дұрыс
ойластыруды көздейтін суретшінің шығармашылық іс-əрекетіне ұқсайды.
Картографиялық жинақтау – карталардың масштабына сай жер
бетінің қамтылатын аумағындағы географиялық нысандардың негізгілерін
таңдап, іріктеп алу.
Картаның геометриялық дəлдігі – қажетті географиялық нысан-
дардың жер бетіндегі жəне картадағы орнының бір-бірімен сай келуі. Карта-
дағы қажетті нысандардың ауданы мен пішіні, екі нүктенің ара-қашықтығы
геометриялық нақтылыққа сəйкес анықталады.
Картографиялық жинақтаудың географиялық нақтылығы – кар-
таны құру барысында