Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет106/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   140
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Ж. Аймауытовтың шығармашылық ғұмырнамасы.
2. Ж. Аймауытовтың “Қартқожа” романындағы дəуір келбеті.
3.“Ақбілек” романының көркемдік жетістіктерін анықтап, басты 
кейіпкерлеріне сипаттама беріңдер.
4. “Күнікейдің жазығы” повесі қандай мəселені көтерді?
5. Ж. Аймауытовтың драматургия жанрындағы ізденістері.


329 
12 ТАРАУ 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
12.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
Қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығы мен сыры мол
поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жа-
татын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан 
Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар уезінің Сарыайғыр болы-
сында дүниеге келген. Үлкен атасы Қажы атанған Жұмабай бол-
са, өз əкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел сөзін 
ұстаған жан. Бекен жас шағында ақындыққа əуестеніп, серілік 
құрған, айтыстарға түскен өжет те пысық, өнерпаз болған деседі. 
Ақынның анасы Гүлсім – жаны таза, адамға мейірімді, қарапайым 
қазақ əйелі болса керек.
Мағжан алғаш сауатын Кəрім деген молдадан ашып, өзінің 
білімге, оқуға деген құштарлығымен, атасы мен əкесінің үміт еткен 
құптауымен білім бастауынан нəр алуға талпынған. Оның алғашқы 
нағыз ұстазы ретінде əкесі Бекен салдырған мектепке мұғалім бо-
лып келіп, Мағжанды төрт жылдай оқытқан Ахиетдин Аханов деген 
азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың үлгісіндегі ұстаз, шығыс 
тілдеріне жүйрік, өзі ісіне шын берілген жан болса керек. Осы-
лайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дəмін татқан Мағжан 
Қызылжардағы медресеге түсіп, онда Қасен, Мұхаметжан секілді 
жадидше оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дəріс алып, 
оқуға біржола ден қояды. Сөйтіп 1911-12 жылдары Уфадағы атақты 
“Ғалия” медресесіне барып оқып, енді тек оқуға деген ынтасына 
ғана емес, əдебиетке деген құштарлығына жол табады. Ақындық 
өнерге көзқарасы қалыптаса бастайды. Медресе “Ғалияда” ол та-
тар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен танысып, көкейіндегі көп 
сұраққа жол тауып, біржола ақындық өнер жолына бет бұрады. 
Мағжан шынайы ақынға алған білімінің аздық етерін сезіп, орыс-
ша үйренуге талаптанады, өз бетінше орысшаға даярлық жасап
Омбыдағы семинарияға түседі.
Оның өміріне үлкен өзгеріс əкелген оқиғаның бірі – қазақтың 
ардақты азаматы, бұл тұста саяси күрескер ретінде де, ақын 
22–853


330
ретінде де танылып қалған Міржақып Дулатовпен кездесуі (1910). 
Міржақып – Мағжанның орысша сауатын ашып ғана қоймай, 
Мағжан ақынның кейінгі саналы ғұмырындағы алаш азаматы болып 
қалыптасуына, ұлты үшін жанын пида қылып, азаттық жолындағы 
күреске шығуына жол сілтеп, негіз салған бірден-бір тұлға.
Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясын 1917 жылы 
алтын медальға бітіреді. Мұнда қазақтың тағы бір ақиық ақыны 
Сəкен Сейфуллинмен бірге оқиды. Семинарияда екі ақын біріге 
жүріп “Бірлік” атты ұйым құрып, “Балапан” атты қолжазба жур-
нал да шығарады. Кейінгі аласапыран заманда екі айырық жолға 
түскенмен, ол кезде осы бір екі жас ақынның тілегі бір, халқының 
азаттығын аңсаған арманы бір еді.
Мағжан алғашқы өлеңін 12 жасында жазды деген дерек бар, бұл 
1905 жыл. Яғни, болашақ тасқынды өзгерістерге əкелер ғаламат 
жарылыстардың, алғашқы дүмпу тұсы. Осының өзі Мағжан 
ақынның дəуірмен тұтаса туған ғажайып тұлға екендігінің бір 
нышанын танытса керек. Жеті жылдан кейін ақынның “Қазақтың 
кешегі күні” өлеңі тұңғыш баспа жүзін көрсе, көп ұзамай “Шолпан” 
атты өлеңдер жинағы өлеңге сусап жүрген қазақ оқырманының 
көңілін өзгеше толқытты. Содан бастап Мағжан Жұмабаев қазақ 
əдебиетінің поэзия көгінде мəңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы 
болып қала берді. Əттең, тек өкініштісі – ұлтының озып туған 
ұланының ақындық ғұмыры 45 жылмен шектеліп, тым қысқа бо-
луы. Аз ғұмырдың біраз уақытын, тіпті жылдарын аумалы-төкпелі 
заманның арпалысты кезеңдері алып кетті.
1917 жылдан бастап “Алаш” қозғалысына белсене араласқан 
ақын, 1918 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында 
Көлбай Тоғысовтың “Үш жүз” партиясының түрмесіне де жатып 
шығады. Ақ пен қызыл арпалысы саябырлаған тұста, 1921 жылы 
Қызылжарда “Бостандық туы” газетінде редактор да болады. 1922 
жылы Ташкент қаласына барып, “Ақ жол” газетінде, “Шолпан” 
журналында қызметтер атқарады. 1923-26 жылдары Москвада бо-
лып, күншығыс баспасында қызмет істеп, əдебиет институтында 
оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда педагогикалық тех-
никумда, кеңес-партия мектебінде əдебиет пəнінен сабақ береді. 
Сол жылдары əйгілі “Тоқсанның тобы” толғауы жазылады. Са-
пырылысып жатқан саяси науқаннан шаршаған ақынның өзінің 
шығармашылық еркіндігіне жол таппақ боп, таза ақындықпен ай-
налысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл.


331 
1928 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында Міржақып 
Дулатов ұсталып, содан бастап қазақтың зиялы қауымының ба-
сына шағырмақ бұлт үйірілді. Келесі жылы, Жүсіпбек, Ахмет, 
Мағжандар ұсталады. 1929 жылы ұсталған Мағжан Бутырка 
түрмесіне қамалып, 10 жылға сотталып, Карелияда айдауда бо-
лады. Горькийдің жəне оның Қызыл Қресте істейтін əйелі Екате-
рина Пашкованың өтініш хатымен 1936 жылы босанып шығады. 
Мағжанның ұсталуына себеп болған нəрсе оның 1925 жылдан ба-
стап “Алқа” атты əдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын 
жасап, өзімен пікірлес ақын-жазушылармен ақылдасуы болса ке-
рек. Əдеби үйірме жарғысы мен бағдарламасы сол кездегі НКВД 
қызметкерлері үшін саяси күрестің бұлтартпас дəлелі ретінде 
бағалы еді.
1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте 
орыс тілі мен əдебиетінен сабақ береді. 1937 жылдың 18 мартында 
Сəкен Сейфуллин, Сəбит Мұқановтардың шақыруымен Алматыға 
оралады. Бірақ Мағжанның əдеби өмірге араласуының мүмкіндігі 
де, уақыты да тым қысқа болады, өйткені 1937 жылдың 30 де-
кабрь күні қайтадан тұтқынға алынады. Осы тұтылғаннан қайтып 
құтылмай, сталиндік қатыгездіктің тырнағына ілінген арда ақын 
жазықсыздан жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда құрбан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет