396
Əлде алған ай ма екен?
Айтшы, қайың,
Менің жаным,
Айтшы, айтшы, қайда екен?!
Түйіндей келгенде Бернияздың бұл поэмасының идеялық
негізінде адамның құпия қасиеттерінің бірі – сағыныш атты ұлы
сезім жатыр. Сағына білген адам адалдыққа бір табан жақын деген
ойды меңзейді ақын. Сағыныш деген қастерлі сезімді жоғары қоюға
үндейді. Бернияз өзі “қияли поэма” деп атаған бұл шығармада қиял
емес, өмір айнасы іспетті шырылдаған шындық бар.
Бернияз Күлеевтің ақындық таланты – Құдай берген талант.
Сондықтан мейлі лирикалық шығарма болсын, мейлі көлемді по-
эма болсын ол тек жазбауға болмайтын болған соң ғана жазған.
Олар мерзімі жеткен кезінде жүйрік те жүрдек қаламынан туындап,
төгіліп жатқан. Бұған бір дəлел К. Шəменовтің мына бір пікірі: “Б.
Күлеев қиыстырып, келістіріп жазатын шабытты, төкпе ақын болған.
Ол 1922 жылы үш поэмасын (“Гүл”, “Жорық”, “Қайда екен?”) бір
айдың ішінде жазған. Солардың көлемдісі де, көркемі де – “Гүл”.
Негізінде бұл поэма аяқталмай қалған.
Поэмада ақын айналадағы надандыққа, тоңмойындық пен
бейқамдыққа лирикалық кейіпкер атынан ой тастайды.
Жердің жүзі тебінгідей көрініп,
Қысылып жан көкке тартар желігіп.
Ойлай-ойлай, жырлай-жырлай жыласам,
Жеңілейем жүрек уы төгіліп.
Əрі жастық, əрі жынды сотқарға,
Қайда жүрсе, қайда тұрса – сот бар ма?!
Жұрттың бəрі ісін əбес көрсе де,
Достарыңызбен бөлісу: