Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет3/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Оқулықта ХХ ғасыр басындағы əдебиет мəселелері бірнеше та-
раулар мен тараушаларға бөлініп қарастырылды. Əдебиеттің жал-
пы даму үрдісін қарастыру, ең алдымен, сол əдебиет оятқан ұлттық 
сананың болмысын бағдарлауды шарт тұтады. Ол үшін сол тұстағы 
тарихи-əлеуметтік жағдайларға назар салған орынды. 
ХХ ғасыр – қазақ қоғамының өркениетке ұмтылысын нақты та-
нытатын ұлы кезең. Əрине, оның қиындығы да, қасіреті де мол бол-
ды. Ғасыр басындағы даму мен тоқыраудың сырын тану үшін, оның 
тарихи болмысына бойлау қажет. Сондықтанда алғашқы тарау осы 
мəселелерге арналып, ол 1917 жылға дейінгі жəне кейінгі болып екі 
тараушаға бөлініп қарастырылды.
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі қазақ əдебиетінің кеңге қанат 
жайып, өркендеген тұсы. Бұл тұстағы жазба əдебиетттегі əдеби 
ізденістер қазақ жазба əдебиетінің жаңашыл өрісін танытады. 
Сондықтан бұл мəселеге жеті тараушадан тұратын жеке тарау ар-
налды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде түрлі бағыттардың 
болғанын жоққа шығаруға болмайды. Ол сол дəуірдегі ақын-
жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген 
ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады.
Сондықтанда біз оқулықта ХХ ғасыр басындағы ақын-
жазушылар шығармашылықтарын идеялық ағым-бағыттары бой-
ынша үш тарауға бөліп қарастырдық. Əр тарауда белгілі ағым-
бағыттың өзіндік ерекшелігін айқындап алып, оның елеулі өкілдері 


11 
шығармашылығына шолу жасадық. Ал аса көрнекті əдеби тұлғалар 
шығармашылықтарына жеке тараулар арнадық. Мұнда ұзақ жылдар 
бойы əдебиетіміздің «ақтаңдағына» айналып, зерттелмей, жоғары 
мектепте оқытылмай келген ақын-жазушылар шығармашылығы ба-
сты назарда болды.
Оқулық ҚР МЖМБС негізге ала отырып Қазақстан Республи-
касы жоғары оқу орындарында 5В020500 (050205) «Филология» 
мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына сəйкес жазылды. 
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиеті тарихы пəнін 
оқыту толыққанды қамтылды.
Оқулықтағы əр тараудың соңынан беріліп отырған сұрақтар мен 
тапсырмаларды пəн оқытушысы өз таңдауы бойынша сараптап 
ұсына алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет