Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Шəкəрім “Талап пен ақыл” өлеңінде сегізге жеткізеді:
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғаған.
Шəкəрім өлеңді, ақындық өнерді “даналық бесігі”, “ақылдың
кені” санайды. Арманы “қазақты өрге сүйреп өлу” болған ақын өрге
сүйреудің ең озық құралы – өлең, оның “ар түзейтін” ұлы қасиеті деп
біледі. Ал сол өлеңді жаратушыны, яғни ақынды туған халқымен
тұтасып кеткен ұлы тұлға таниды.
Шəкəрім Абайдағы өнер-ғылымға үндеудің арнасын отаршыл-
дықтың езгісіндегі ұлтының бостандығы жолындағы күреске
бұруға ұмтылып, ол жолдағы ел мен ер бірлігінің атқарар міндетін
айқындауды шығармашылығының негізгі өзегіне айналдыра-
ды. Жаңа ізденістерге бет бұрады. Осы бетбұрыстан кейінгі өз
шығармаларына азаттық ойды арқау еткен Ахмет, Міржақыптарға
ой салған алғашқы идеялардың көрінісі бой көрсетеді. Əрине,
Мəшһүр Жүсіп, Шəкəрім шығармалары тікелей азатшылдық күресті
меңземегенмен, осы ойдың өміршең болуына, өзінен кейінгілердің
шығармашылығынан мол орын алуына септігі аз болған жоқ.
Азаттық ойдың, ұлт-азаттық идеяның орнығуына үлкен əсер етті.
“Қош” атты өлеңінде:
Мен қайғы жедім ғой,
Қапы өтті дедім ғой.
Қазағым, қам ойлан,
Сен де адам едің ғой, –
152
дейді Шəкəрім. Бұдан біз ел-жұрт қамын ойлаған тұлғаның халқына
қайырылуын көреміз. Мұнда үмітсіздіктен гөрі сенім басым. Туған
халқының бойындағы ұлы күштің бұлқынысына сенеді ақын, сол
сеніміне үмітті серік етеді. Тұлғаның толығарына, елінің оянарына
ақын үлкен сеніммен қарайды.
Шəкəрімнің азаматтық лирикаларындағы бір арна – өскен орта
– қазақ қоғамы. Шəкəрім өзі өмір сүрген дəуірдің кертартпа кесір-
кесапатын көре білді. Оның қаншалықты зиянды екенін сезіне
де білді. Өз ортасынан озып туған тұлға ретінде əлгі кесапаттан
құтылудың емін іздеді. Сол ой ақын жанын жегідей жеп, жүрегінің
тереңінен шыққан кемел ойларын шығармашылық толғанысқа
айналдырды. Ақын жүрегін, ең алдымен, ел пысықтары, залым
билеушілер, атқа мінерлер шошындырды. Оларға тəн мінез-құлық
ақынға өте таныс болатын. Сондықтан да ақын “Партия қуған өңкей
қырт” өлеңінде оларды:
Партия қуған өңкей қырт,
Жазылмайтын ол қылқұрт.
Мен тартам ел қайғысын,
Əкімі – залым, биі – əңгірт, –
деп дəл сипаттайды.
Шəкəрім шығармашылығының дені – өлеңмен жазылған дү-
ние лер. Өйткені Шəкəрім – ең алдымен ақын. Ақын болғанда,
алдыңғыны дамытқан, кейінгіге үлгі болған ақын. Əдебиеттегі
жаңашылдық пен дəстүр ұғымдарының нақты белгісін осы Шəкəрім
шығармашылығынан көреміз. Дəстүр дегеніміз М. Əуезовтің сөзімен
айтқанда: “…мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами
түсіп өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат көрік-күй мəселесі – бəрі
де кіретін нəрсе”.
Бұл тұрғыдан келгенде Шəкəрімнің Абайдың інісі ғана емес,
дарынды шəкірті екендігін, ұлы ақын дəстүрін өзіне тəн өрнегімен
əрлеп алға апарушы екендігін алғаш айтып, ғылыми тұжырым бер-
ген Мұхтар Əуезов болды. Шынында Абай мен Шəкəрім арасындағы
шығармашылық байланыс аса терең. Ол – құрғақ еліктеушілік емес,
бірін-бірі толықтырған өнерге тамырластық.
Шəкəрімнің шын мəніндегі ақындық болмысы оның өмір
шындығын нақты, əрі бейнелі суреттеуге ұмтылғандығынан көрініс
табады. Өз ортасынан ойып алған оқиғалармен, сол ортадан тапқан
153
кейіпкерлерін бүкіл қоғамға тəн типтік бейне дəрежесіне көтеріп,
көркем образ жасай білген Шəкəрім шеберлігіне тəнті болмау
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |