…Асықпаңдар, артымызда қазы бар,
Тергеп талай сүйектерің қазылар.
Пайғамбарды сатып отыз тіллə алған
Яһудамен бірге аттарың жазылар… –
деп, Ахаң айтқандай “арттағы қазылар” шындықтың бетін ашып,
1988 жылдан бергі уақытта А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.
Жұмабаев тəрізді тоталитаризм құрбанына шалынған əдебиетіміздің
алыптары туған елімен қайта қауышты. Содан бастап ХХ ғасырдың
бас кезіндегі əдебиетке деген жаңаша көзқарас қалыптаса бастады.
Ақталған ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығы ту-
ралы еңбектер жазылып, кейбірінің жекелеген жинақтары да жарық
көрді. Бұл ретте Қ. Мұхаметқановтың, Т. Кəкішевтің, Р. Нұрғалидың,
С. Қирабаевтың, Ш. Елеукеновтің, Д. Ысқақұлының, Т. Жұртбайдың,
Б. Əбдіғазиевтің, Ж. Смағұловтың, А. Ісімақованың, М. Тəж-
Мұраттың, Р. Тұрысбектің, Д. Қамзабекұлының, Б. Қанарбаеваның,
8
Ө. Əбдиманұлының т.б. еңбектерін айрықша атап өткен лəзім. Бұл
ғалымдар сол тұстағы əдеби үдеріске жəне жеке тұлғаларға қатысы
бар бірнеше зерттеу еңбектер жариялап үлгерді.
Бұл еңбектердің барлығы да негізінен бұрын зерттелмей келген
тұлғалардың əдебиетіміз бен мəдениетімізде алар орнын айқындауға
басты назар аударып, көбіне мұрағаттық, өмірбаяндық материалдарға
сүйене жазылды. Жалпы, сол тұстағы, əсіресе, төңкеріске
дейінгі əдебиеттің бүкіл бағыт-бағдарын, көркемдік ізденістерін
айқындайтын зерттеулер əлі де болса жоқтың қасы. Дегенмен кейбір
еңбектерде жаңаша ізденіске деген бетбұрыс байқалады. Мəселен,
қазақ əдеби сынының қалыптасуы мен дамуының ХХ ғасырдың бас
кезіндегі орнын айқындаған (Т. Кəкішев “Қазақ əдебиеті сынының
тарихы”, 1994), сол кезеңде өмір сүріп, əдебиетке өлшеусіз үлес
қосқан ақын-жазушылар шығармашылығын, өмірін жинақтай алып
қарастырған (Р. Нұрғали “Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры”, 2002;
Д. Қамзабекұлы “Алаш жəне əдебиет”, 2002; Ө. Əбдиманұлы “ ХХ
ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиеті”, 2002, “Қазақ əдебиетіндегі
ұлт-азаттық идея” 2007, “Қазақ əдебиетіндегі ұлттық рух”, 2010),
Қазақ əдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы дамуы жете зерттел-
ген (Ж. Смағұлов “Ұлттық əдебиеттану əлемі”, 2005; А. Ісімақова
“Алаш əдебиеттануы” 2009, Г.Ж. Пірəлива “ХХ ғасырдағы қазақ
əдебиеттануы” (1920-2005 жж.) 2010), əдебиетіміздің тарихындағы
“ақтаңдақ” беттерге назар аударған (Р. Тұрысбеков “Жүсіпбек Айма-
уытов”, 1995; М. Тəж-Мұрат “Ғұмар Қараш ”, 2004; Б. Қанарбаева
“Мағжан символист”, 2007; Ө. Əбдиманұлы “Ахмет Байтұрсынұлы”,
2007) еңбектердің жарық көруі – осының айғағы.
Жалпы осы кезге дейін ХХ ғасырдың басындағы əдебиет жеке
шығарма немесе жеке жазушы шығармашылығына өзіндік баға беру
тұрғысынан көбірек зерттеліп келгені шындық. Əрине, əдебиеттегі
зерттеу жалпыдан жалқыға немесе керісінше жүретін үдеріс екені
де анық. Бірақ əдебиет зерттеу ғылымында осы екінші бөлік кен-
же қалып жатқан сияқты. Осы олқылықтың орнын толтырудағы
жетістік ретінде ХХ ғасыр басындағы əдебиетті түптей қарап, оның
басты сипаты ағартушылықтың əдеби құбылыс ретіндегі болмыс-
бітімін айқындауға ұмтылған Д. Қамзабекұлының “Алаш жəне
əдебиет” (2002) еңбегін атауға болады.
ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиет жалпы қазақ əдебиеті тарихындағы
ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең бо-
лады. Сондықтан да қазақ əдебиеті тарихын зерттеу мен оқытудың
9
күрделі мəселелері осы тұсқа жинақталған. Мұның басты үш себебі
бар. Біріншіден, жазба əдебиеттің мейлінше өркен жайған тұсы;
екіншіден, əр түрлі əдеби ағымдар мен бағыттардың айқындалған
кезеңі; үшіншіден, əдеби жанрлардың əр саласында əдеби-көркемдік
ізденістердің белең алған тұсы. Сондықтан да осы 1900-1930
жылдар аралығындағы əдеби-көркем шығармалар мен көрнекті
ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру
əдебиетімізде бар дəстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың
негіздерін тануға, кейінгі əдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін
айқындауға, бұрынғы-кейінгі əдебиеттің жетістіктерін терең зерде-
леуге, осы өзекті мəселелердің болмысын кеңінен оқытуға мүмкіндік
туғызады.
Сонымен қатар “ақтаңдақ” деп танылған, кезінде əдебиет та-
рихы оқулықтарының беттерінен белгілі себептермен түсіп
қалған қазақ əдебиетінің айбынды тұлғаларының шығармашылық
ғұмырнамасын, олардың идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туын-
дыларын молынан қамтып оқыту қазақ əдебиетінің қаншалықты
шырқау биікке көтерілгенін бағдарлауға, əдебиетіміздің кейінгі
легіндегі классиктеріміздің шығармашылығына қаншалықты зор
əсері болғандығын танып-білуге жол ашады.
Бұл уақытқа дейін дəріс тыңдаушылар фольклор, көне дəуір,
18-19 ғасырлардағы əдебиетімізді оқып-үйреніп, ХХ ғасыр бас
кезіндегі қазақ əдебиетіндегі дамудың дəйекті өзгерістерін
түсінуге толық мүмкіндік алады. Яғни Абайға дейінгі, Абай-
дан кейінгі əдебиеттің бағыт-бағдарын, идеялық-көркемдік
ізденістердің ара-қатынасын айқындауға жан-жақты дайындығы
бар деп түйіндеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, мақсат – атал-
мыш кезеңдегі түрлі əдеби ағымдар мен бағыттардың, олардың ай-
тулы өкілдерінің шығармашылығын түбегейлі қарастыру арқылы
“алтын ғасыр” аталған əдебиеттің табиғатын ашу. Сондықтан да
оқулықта біз ХХ ғасыр басындағы əдебиетті оқытудағы мынадай
мəселелерге басты назар аудардық:
ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттің қоғамдық-тарихи, саяси-
əлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы
əдебиеттің ұлттың ой-санасын оятудағы міндеттерін анықтау.
ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттің өркендеуіне негіз қалаған
қоғамдық-санаткерлік, көсемсөздік (публицистік) қызметтер нəти-
желерін айқындау.
ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің ХІХ ғасырдың екінші
10
жартысындағы əдебиетпен байланысын, дəстүрлі əдебиет үлгісін да-
мыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдық үрдісті бағамдау.
ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттегі аса көрнекті əдеби
тұлғалардың көркемдік əдіс-тəсілдері мен өзіндік қолтаңбасын тану.
ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі Абай дəстүрін
жаңашылдықпен дамытудың сан-салалы шығармашылық ізденіс-
терін саралау.
Əдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажы-
ратып, олардың белгілі өкілдерінің көрнекті туындыларын талдау
арқылы кезең əдебиетіндегі əдеби жетістіктер мен кемшіліктерді
сараптау.
ХХ ғасыр басындағы əдебиетке азаттық сарын, ұлттық рух
алып келген ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ əдебиетін
өркендетудегі қызметін, өзінен кейінгі əдебиеттің дамуына тигізген
игі əсерін байыптау.
Достарыңызбен бөлісу: |