Оқулық Алматы, 012 удк


Лирикалық проза. Сипаты, зерттелуі, жанрлық ерек-



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Лирикалық проза. Сипаты, зерттелуі, жанрлық ерек-
ше ліктері. Қазақ əдебиетіндегі лирикалық прозаның да му 
ерекшеліктері. Сюжет пен композиция. Лирикалық проза-
дағы психологизм.
Қазақ əдебиетінде лирикалық проза туралы зерттеулер алғаш 
рет ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. 
Бұған қарап лирикалық сарында жазылған шығармалар ұлттық 
əдебиетімізде осы кезеңге дейін болмады десек, қателескен 
болар едік. Сонау ауыз əдебиеті үлгілеріндегі, Шоқан, Ыбырай, 
Абай туындыларындағы баяндау дəстүрін еске түсірсек, лиризм 
айшықтарының ертеден жеткілікті түрде көрініс тапқанын 
байқаймыз. Негізінен бұл құбылыс «лирикалық проза» деп ата-
латын терминге қарағанда əлдеқайда ертерек басталды. Термин 
пайда болған алғашқы күндерден бастап қазіргі таңға дейін 


45
прозаның осы түрі туралы талас-тартыстар толастар емес. Көптеген 
сыншылар лирикалық проза өз алдына өмірлік құбылыстарды 
бейнелей алмайды деп көрсетеді. Бізге шындықты кең көлемде 
қамти алатын прозаның, сол сияқты адамның толғаныстары мен 
тебіреністерін жеткізетін лирика бар екені белгілі. Олай болса, 
осы екі түрлі құбылыстарды араластырудың қажеті бар ма деген 
сұрақ туындайды. Лиризм кез келген эпикалық шығарманың 
құрылымына қатыса алады (лирикалық шегіністер, хаттар, т.б.). 
Осы жерде лирикалық проза лирикалық поэзияға қарағанда 
ерекше екенін атап өту керек. Эпикалық образда лирикалық 
тебіреністерді көрсете білу ерекше түрге тəн. Мұнда сезімге 
негізделген өз алдына жеке образ болуы шарт. Ал оны əр қаламгер 
өзінше бейнелейді, əрқайсысының прозада поэтикалық образ 
тудыруда өзіндік əдіс-тəсілдері болады. Мəселен, бірінші жақтан 
баяндау мəнері, балалық шаққа шегініс жасау, қарапайым адами 
сезімдерге, табиғатқа қаратпа ретінде беру, т.б. жатады. Жанрдың 
өзгеруі, жанрлар мен түрлердің өзара кірігуі дəстүрлі емес, əлі 
де қажетті дəрежеде зерттелмеген жаңа түрлердің тууына алып 
келеді. Эпос пен лириканың бірігуі нəтижесінде пайда болған 
лирикалық проза да осындай құбылыстардың қатарына жатады.
Лирикалық прозада көптеген мəселелер өзіндік тұрғыдан 
ашылады. Мəселен, мұндай шығармаларда автор тұлғасы ерек-
ше көрінеді. Кей шығармаларда автор өзі басынан өткізген, 
сезінген, ойлаған жағдайларға баса назар аударады. Мұнда автор 
тұлғасы авторлық «менінің», яғни ғұмырбаяндық əңгімелеушінің 
аясында қалыптасады. Дегенмен көркем шығарманың сипатын 
бірінші жақтан баяндау арқылы айқындауға болады деген ой 
тумауы керек. Əрине кезінде прозаның осы түріне қатысты көз-
қарастардың ішінде бірінші жақтан жазылған шығармалардың 
бəрін лирикалық стильдік ағымнан туған деп есептегендер де 
болды. Бірақ мұнымен əрдайым келісе беруге болмайды. Мə-
селен, С. Мұқановтың «Өмір мектебіндегі» «мені» мен С. Мұрат-
бековтің «Жусан исіндегі» «менін» алып қарайық. Бір 
еуінде 
тарихи реттілікке бағындырылған оқиғалар желісі жазушының 
«мені» арқылы баяндалып, оның дүниеге көзқарасы, ойлау, 
таным белсенділігі арқылы қорытылып, эпикалық сипат алса, 
екіншісіндегі «мен» өзгеше сыр шертеді, лирикалық кейіп-


46
керлердің арман-сағынышы, жан толғанысы сезім арқылы бір 
арнаға үйлестіріліп, шындықпен өрілген толыққанды көркем 
бейнелер туғызады. Сондықтан лирикалық прозаның стильдік 
обьектісін жазушы «мені» екен, солай болғанда кейіпкердің 
арман-тілегі айқындалып, жан əлемі, сезімі жарқырап көрінеді 
деген ойдан аулақ болу керек.
Зерттеушілердің айтуы бойынша лирикалық прозаның 
эпикалық шығармадан басты айырмашылығы – ойдың талқылауға 
көнбейтіндігі. Мұнда бірінші орында семантикалық мəн емес, 
сөздің əуені тұрады. Мұнда сюжет айтарлықтай рөл атқармайды, 
лирикалық жазушының шеберлігі неғұрлым жоғары болған 
сайын, соғұрлым оның əңгімелерінде сюжет белгісіз болады. 
Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет 
көп кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен 
көңіл-күй əсерімен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны 
шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады. Лирикалық 
прозаның қаһарманы эпостық шығармалардағы секілді күрделі, 
желілі оқиғаларға, іс-əрекеттерге негізделмейді, қайта ойламаған 
жерден күтпеген жағдайды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады. 
Лирикалық жазушыны да өзекті мəселелер толғандырмай 
қоймайды, ол да қайғырады, мұңаяды, қуанады. Онсыз ол мұндай 
шығарма тудыра алмас еді. 
Сонымен, поэзиядағы сияқты лирикалық прозаның да бей-
нелеу құралы жазушының сезімі мен ой толғамы. Дегенмен 
поэзияға қарағанда лирикалық проза қаламгердің жан əлемін 
ашуда лирикалық қана емес, əңгімелеудің барлық эпикалық 
тəсілдерін емін-еркін пайдалана алады.
Қазіргі əдебиеттануда «лиризм» ұғымы лириканың си нони-
мі ретінде де қолданыла береді. Мұндай шығарманың ком-
позициялық құбылысы лирикалық кейіпкерге, соның тебіреніс-
толғаныстарына сəйкес қалыптасады. Өмір көріністері лирикалық 
кейіпкердің көзімен қаралып суретеледі.
Лирикалық прозаның даму өрісін талдағанда, оның бүкіл 
композициясынан, түр мен мазмұн бірлігінен, стильдер ерек-
шелігінен, сезім күші мен жарқындығынан, ішкі драма қуатынан, 
сөздердің пəрменділігі мен өткірлігінен, реалистік шындығынан 
толып жатқан көркемдік қасиеттер табамыз. 


47
Лирикалық прозаның мүмкіндіктерін асыра бағаламау жəне 
оны көркемдік бейнелеудің басқа формаларына қарсы қоймау 
жағын қатаң қадағалай отырып, лиризм қаламгердің өмір құ-
былыстарын кеңірек, молырақ бейнелеуіне бөгет болады, кедергі 
келтіреді деген пікірдің шындыққа сəйкес еместігін де ескеру 
керек. Себебі лиризмнің қамтитын аясының қаншалықты кең 
екені бірталай факторларға тығыз байланысты. Мəселен, ол 
жазушының жеке басына да, өмірдің қай жағын суреттейтіндігіне 
де, оның мақсат-мұратына, ой-сезіміне де, яғни дүниетанымына 
тығыз байланысты. 
Жалпы, прозалық шығармалардың міндеттерінің бастысы 
- кейіпкер мінезін ашу, характер жасау. Бұл тұрғыда лирикалық 
шығармаларда бір немесе бірнеше типтендірілген характерлердің 
сəтті сомдала түсетінен айтуға болады. Шығармалардың ортақ бір 
сюжетке немесе бірнеше сюжеттерге құрылатындығы лирикалық 
шығармалардың дүниеге келуі үшін аса қолайлы алғы шарттар 
болып есептеледі. Сондықтан да бұл шығармалардың өзіндік 
ерекшелігі оның көлемінде ғана емес, мазмұн тереңінде жатыр.
Кез келген эмоциональды шығарманы лирикалық деп қа-
растыра беруге болмайды. Керісінше, баяндаушылық интоно-
цияның болуы, оның эпикалық жанрдағы шығарма екенін көр-
сетеді. Кей кезде лириканың прозаға ауқымды түрде кірігуі 
романтикалық стиль деп жатады. Бірақ шын мəнінде лирика мен 
романтика бір-біріне сай келе бермейтін түсініктер. 
Бірінші жақтан баяндалған шығармалар көбіне эпикалық 
сипатта болады да, керісінше көңіл-күйдің, сезімнің, толғаныстың 
кейіпкерлердің өздерінің білдіруі арқылы берілген баяндаулар 
лирикалық болып табылады.
Автордың оқиғаның дамуына қатысуының өзі де əртүрлі 
болатынын ұмытпау қажет. Шығармадағы барлық авторлық ше-
гіністер, талқылаулар, ойлар əрдайым лирикалық сипатта бола 
бер мейді. 
Прозадағы лиризм туралы сөз болғанда, ең алдымен ондағы 
сезімталдық, қобалжу, əуенділік, белгілі бір көңіл-күйдің болуы, 
т.б. айтылады. Бірақ бұлар лирикалық түрдің ерекшеліктерімен 
байланысты. Сондықтан да олар лирикалық стильге тəн міндетті 
бел гілер болып табылмайды. 


48
Лирикалық жəне эпикалық проза туралы айту - өмірдің 
белгілі бір кезеңі туралы айту, жазушының өмірлік деректерге 
«субьективтік» немесе «обьективтік» тұрғыдан келуі.
Эпикалық, яғни «обьективтік» прозада автордың қатысы ті-
келей емес, кейіпкерлерді топтастыру жолымен, олардың қарым-
қатынастары мен байланыстарын бейнелеу арқылы көрінеді. 
Мұның мазмұнының негізінде адамдар мен топтардың қарым-
қатынасы, характерлердің дамуы, олардың қақтығысы мен күресі 
жатады. Сондықтан мұнда екпін мен мəнер эпикалық сипатта 
болады. Мысалы, пейзаж қалыпты түрде, оқиғалар өтетін шынайы 
ая ретінде беріледі, немесе басқа да стильдік белгілер туралы да 
осыны айтуға болады.
Ал «субьективтік», лирикалық прозада əңгімелеушінің тұлғасы 
бірінші орында тұрады. Оның ішкі жан дүниесі бейнелеудің басты 
құралы болып табылады. Егер эпикалық проза өмірдің өзін жəне 
ондағы түрлі қарама-қайшылықтар мен байланыстарды суреттесе, 
лирикалық проза əңгімелеушінің өмірге қатысына, ол туралы 
ойларына, оның сезімі мен тебіреністеріне баса көңіл аударады.
Қаламгердің дамылсыз еңбегі мен ізденуінің нəтижесінде 
оның өзіндік ерекшелігін, даралығын айқындайтын, ешкімге 
ұқсамайтын, өзіне ғана тəн стилі қалыптасады. Яғни, стиль жазу-
шының шеберлігінің жемісі. Əр жазушының стилінде он 
ың 
дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, мақсат-мүддесі жа 
тады. 
Сонымен қатар тақырып таңдау, сюжет құру, кейіпкер бейнесін ашу 
шеберлігі, тіл ерекшелігі – бəрі де қаламгердің сти ліне байланысты. 
Сондықтан да кез келген жазушының шығармашылығы туралы 
айтқанда, ең алдымен оның стиліне тоқталамыз. 
Қазіргі таңдағы осы бағытта қалам ұстаған жазушылардың 
қатарына Ш. Бейсенова, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз сияқты 
қаламгерлерді жатқызуға болады. Олар да өз туындыларында 
лирикалық прозаға тəн ерекшеліктерді сақтай отырып, өзіндік 
даралықтарын таныта білген жазушылар. Т.Ахметжанның «Сұлу 
мен суретші» деп аталатын жинағына енген шығармаларынан 
лирикалық портреттің шебер үлгілерін көре алсақ, Н. Ораз да 
«Биіктегі сұлулық» деген жинақтағы терең лиризмге құрылған 
шығармалары арқылы танылған қаламгер. 
Жазушылардың қай-қайсысы болмасын өздерінің айтайын 


49
дегенін жай баяндап қана қоймай, ыммен, ишарамен, астарлап, 
айтумен, сөз өрнегімен суреттеуімен бере отырып, өзіндік стилі-
мен дараланады. Олар не туралы жазса да, үлкен тебіреніспен 
адамгершілік пен ізгілікті дəріптей отырып жазады. Олардың 
əрқайсысының баяндау стилі оқырманды бейтарап қалдырмайды, 
тақырыптары əртүрлі болып келсе де, негізінен ауыл адам-
дарының психологиясын, заманға бай 
ланысты өзгерістерді, 
ауыл адамдарының бойындағы ізгілік қасиеттерді шынайы 
да тартымды етіп бейнелейді, сол арқылы оқырманын баурап 
алады, тəтті сезімге бөлейді, ойландырады. Жазушы кейіпкерінің 
сыртқы келбетіне, ішкі жан дүниесіне, сөйлеу мəнеріне, қимыл-
қозғалысына, шығармада қолданылып отырған кішкене бір 
детальдарға баса назар аудара отырып, өз туындысының 
сыршылдығын арттыра түседі. 
Портрет – кейіпкердің тек сырт пішін тұлғасы сияқты боп 
көрінгенмен, ол мінез-құлықты, іс-əрекетті, характерді де қам-
тиды. Кейіпкердің жүріс-тұрысынан, əдетінен, бет-пішінінің 
құбылысынан да адамның ішкі сарайы, жан - күйі сезіліп тұрады. 
Яғни, портрет қатып қалған тас сурет емес, адам пішінінің, 
тұлғасының, мінез-құлқының жанды көрінісі.
Осындай ерекшелікті Талаптан Ахматжанның «Сұлу мен 
суретші» шығармасынан көргендей боламыз. Суретшінің 
«Жұмбақ келіншек» деп атаған туындысы үлкен жүлдеге ие 
болып, жоғары бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет