20
Рысқұлов. Шығармада Түркістан Кеңестік Автономиялық Рес-
пуб
ликасының 1917-1920 жылдарындағы оқиғалар, Тұрардың
жеке өмірі, əлеуметтік майдандағы қайраткерлігі көрсетілген.
Халқының азаттығы жолындағы күрескер Тұрардың адамгершілік
қасиеті үнемі іс үстінде көрінеді.
Қоғамдық өмірде тұлғалы да белсенді Тұрар жеке тіршілігінде
өте қарапайым. Оның əрдайым əкесін еске алып, оның істері мен
сөздерін қадір тұтып отыратыны, бауырлары мен жақындарын
назарынан тыс қалдырмайтыны, үлкен қызметте отырса да,
мансап
құмарлық мінезінің жоқтығын танытады. Түркістан
Республикасының болашағы шешілетін кезеңде билікте болған
Тұрардың беріктігі, өз жеке басының мансабын халық мүддесін
жоғары қоятыны “Жұлдыз көпір” романында шебер баяндалған.
Шын мəнінде де бір халықтың ғана емес, тағдыры, тілі, тарихы
жақын бірталай туыс елдердің ортақ мүдделерін ойлаған Тұ-
рардың қабілетінің өз тұсындағы лауазым иеленгендердің көбінен
озық екендігі анық көрінеді.
Роман-хамсаның төртінші кітабы – «Қыл көпір» романында
Тұрар Рысқұлов өмірінің қиын кезеңге кез болған сəттері
суреттеледі. Түркістан Республикасы атқару комитетінің төрағасы
болып жүрген шағындағы саяси қақтығыстар, РСФСР ұлт істері
комиссариатының қызметкері, Түркістан Республикасының
Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Коминтерннің Шығыс
бөлімі бастығының орынбасары, т.б. мемлекеттік жауапты бас-
шылық қызметте жүрген кезінде қазақ даласындағы аштық пен
апатты болдырмауға көмек көрсетпекке ұмтылған əрекеттері
Тұрардың ұлтжандылығын, білімділігін, өжеттігін, бірбеткей лі-
гін, қайраткерлік тұлғасын жан жақты ашқан.
«Тамұқ» деп аталатын бесінші кітапта сталиндік жаппай
қудалау кезеңі, күллі қазақ зиялыларының басындағы тра-
гедиялық хал бейнеленген. Тұрар бұл кітапта көбіне отбасы
ортасында болады. Сол бейбіт, мамыражай тіршіліктің өзін
көп көргендей, демалыста жүрген Тұрар тұтқындалып кете
барады. Аяғы ауыр жары Əзиза көп бейнет шегіп, үйге жеткен
кезде, үйі құлыптаулы əрі күзетулі болып шығады. Ал, Тұрарды
пойызға отырғызып, ала жөнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: