34
Кентавр мен Қоңырқаз – жаңа тұрпатты символикалық бейнелер.
Көне аңыздар мен мифтердің мазмұнын құрайтын адам мен
табиғаттың бірлігі, тепе-теңдігі көркемдік ойлау жүйесінде
түрлі символдық мəнге ие поэтикалық бейнелердің туындауына
əкелгеніне бұл əңгімелер мысал бола алады.
Қазақ əдебиетінде өзіндік дəстүрі қалыптасқан жанр – хикаят
болып табылады. Бүгінгі таңда оқырман жүрегінен өзіндік орын
алып жүрген осы жанрдағы туындылар қатарына Т. Əбдіктің
“Парасат майданы”, А. Алтайдың “Туажат”, К. Сегізбаевтың
“Арасан”, Н. Қамидың “Шал”, Д. Батырдың “Тілеп алған қасірет”
т.б. көптеген хикаяттарды жатқызуға болады.
Төлен Əбдіктің “Парасат майданы” повесінде тұлғасы
кере ғар “екі адамға” бөлінетін кейіпкер бейнеленеді. Ол бірде
“Күнделік иесі”, бірде “Бейтаныс құрбы” деп аталады. Жазушы
бір адам бойындағы қайшылық арқылы барша адамзаттың
қайшылығын көрсеткісі келеді. Бейтаныс құрбы мен Күнделік
иесінің арасындағы текетірес - зұлымдық пен ізгілік арасындағы
мəңгі майдан. Бұл хикаятта адамзаттың келешектегі тағдыры
қалай болмақ деген сұрақтың жауабы айқындалады.
Кейіпкер Күнделік иесі араға үш-төрт күн салып, басқа бір
адамға, яғни Бейтаныс құрбы болып оянып жүреді. Осы “екі
адам” бір-бірімен хат жазысып таласып-тартысады. Күнделік
иесі Бейтаныс құрбысын, яғни өзінің өзгерген кейпін “өте зымиян
адам” деуге дейін барады.
Адамдар арасындағы шым-шытырық қарым-қатынастан ту-
ын
дайтын оқиғаларды автор шебер бейнелеген. Күнделік иесі
жасырып ұстайтын дəптерін кімнің оқып, пікір жазып жүргенін
білмей дал болады. Осы оқиға қашан аяқталғанша шығарма
соңына дейін оқырман сюжет желісін қадағалап, қызығып
отырады, құпия хаттың иесін білуге асығады. Тек шығарманың
аяғында ғана бейтаныс құрбының Күнделік иесі екенін біледі.
Күнделік иесі оны жүйкесі ауырып келген кезде дəрігердің мына
сөздерінен біледі:
Достарыңызбен бөлісу: