Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Кереге бойым жиырылып,
Келте де болды-ау, ой заман.
Қызыл көз қоңыз шүйіліп
Желкеме қонды-ау, ой, заман, – 
деп басталатын зары:
Үйімнің алды беткей-ді,
Беткейден түскен өрт дейді.
Осының бəрін жасаған
Адамзат қалай көктейді –


74
деген жолдармен жалғасып, заман жылжыған сайын таби-
ғаттан алшақтап, бұзылып бара жатқан адам баласының ниет-
пиғылын паш етеді. Адамдардың табиғатқа əкелген зобалаңын 
зармен толғаған ана-жылан ұрпағын сақтап қалу үшін өрт 
ішінде арпалысып, екі жыланды аулаққа лақтырады. Жыландар 
қасіретін толғаған ақын оқиғаны ширықтыра отырып, келесі 
кезекте «қағанаттағы жылан даусын еститін жалғыз адам» 
Ғайшаны таныстырады. Бұл тұста халықтық дастан-жырлардағы 
өлеңмен қара сөзді қиыстыра толғайтын тəсілді ұстана отырып, 
ақын Ғайша қыздың қандай жан екенін баяндайды.
Ғайша – бұрынғы-соңды қазақ поэмаларында кездеспеген тың 
бейне. Өйткені оның дүниетанымы, адамдар, өмір жайлы ойы 
мүлде басқаша. Ешқандай дінді мойындамаса да, ол Құдайды 
мойындайтын. Бірақ Құдай – Адамның өзі деп есептейтін. Он-
ың алдыға қойған басты мақсаты – «Төрт кітаптан шыққан бір 
кітап» атты еңбегін тез арада аяқтап, тарату болатын. Өзінің 
бұл еңбектерінің негізгі баптарында əлемді, адамзат қоғамын 
құтқарудың жолдарын іздестіріп, белгілейді. Ғайшаның ойынша, 
пайғамбарлардың соңы – Мұхаммед соққан ғаламат сарай (бұл 
жерде сенім), іргесінде Əбілхаят бұлағы, тыныш, жайлы тұрағы 
болғанымен, іргетасы əу баста дұрыс қаланбаған: 
Кешпейді мұт-мұсылман мүмкін мені,
Кеңкелес шатып жүр деп шіркін нені.
Бұзбасақ қисық үйді бүгін бірақ
Үстіңе құлауы хақ бір күндері.
Осылайша ислам дінінің қағидаларына қарсылық білдірген 
Ғайша түркілер мен түркіеместердің халіне қатты алаңдайды. 
Ертеңін ойламай, қанағатсыздыққа ұрынып жүрген халықтың 
пиғылынан шошынған ол Мұхаммед жасаған діннен қайран кетті, 
өйткені ол қателік жіберді деп ұғады да, сол қателікті мойындап, 
жөндеу керек деп шешеді:
Бір саны артық кейде жүзден делік,
Қатесін сұрасаңыз сіздер келіп:
Алланы өз қолымен жасады да ол,
Алысқа алып кетті бізден бөліп.
Мұхаммедше Алланы адамдардан бөлек ұстау жөн емес деген 
тоқтамға келген Ғайша:
Адамдар, сендер, сендер – Құдайсыңдар,


75
Кез жетті енді осылай түсіндірер...
Ғарыштың керегі жоқ, жырақтың да,
Көкте емес, Тəңір үшін тұрақ – мұнда.
Біз айтсақ, адам қанша – 
Құдай сонша,
Себебі, Адам – Құдай бір-ақ тұлға – 
деп, Адам баласы өзін құдай деп танығанда ғана бəріне өзі 
жауапты екенін сезінер еді деген қорытындыға келеді. 
Құласа да, бір Құдайдан көреді,
Жыласа да, бір құдайдан көреді
(Неткен сорлы ел еді?)
Құдаймын деп сезінсе егер ол өзін,
Құдайға ұқсап сыйлар еді өзін де
...Адам – Құдай себебі.
Еңбегіне тоқсан оғыз тұжырым тапқанымен, жүзінші – ең басты 
тұжырымды таба алмай қиналған Ғайша бейнесі барынша күрделі. 
Поэмада оқиғаны баяндап беруші ретінде көрініп отыратын 
автор орайлы тұста кейіпкер туралы қосымша түсініктемелер 
береді. «Ғайша кім еді?» деген сауалға автордың хабарлау 
түріндегі мəліметтері толық жауап береді де, ақын осы тұстан 
қайтадан ана-жыланның зарынан үзілген оқиғаға тыңдарман 
назарын аударуды жөн көреді. Ана-жыланның зарын жүрегімен 
естіген Ғайша қыздың толғанысы терең мəнді астарлы 
сипатымен көрінеді:
Қайда бастап барады қабарған күн,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет