Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

тарта сұрланып өзі келе жатыр. Бергі қабақтағы қалың қауды 
қабырғалап өте бере іш киімінен басқасын шешіп тастап, 
қолындағы жарқ-жұрқ еткен бірдемесін ерсілі-қарсылы 
құлаштай сермеп жүрген еңгезердей зор денелі туысқанын 
көрді. Қодар – осы. Ол-дағы өзіне қарай тура салып келе 
жатқан Құнанбайды қиядан шалып, қолындағысын анадай 
жерге лақтырып тастай беріп, белін жазып тұра қалды. Бұл 
күндері елуді иектеп қалса да əлі жас жігіттей, өн-бойының 
бұлшық еттері жылтырай тырсия сыртқа теуіп тұр»,
- деп
бейнелеуіндегі Қодар Құнанбайдың қандасы, əрі елдің бетке 
ұстар азаматының тұлғасы. 
Р. Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасындағы 
бейне жасау тəсілдері, көркемдік құралдар мен суреттеу, сөз 
қоры, сөйлем құраудағы амал-тəсілдер, ой өрнектілігі, көркемдеу 
құралдарын қолданудағы үйлесімдер, алдағы уақыттағы өсер, 
өркен жаяр дəстүрлер кеңінен қамтылды. Жазушының өмірді 
көркем нақышпен бейнелеуі, образдылық, портрет жасаудағы 
шеберлігі Абайды арқау ете отырып, қазақтың басқа да халық 
сыйлаған қадірлі азаматтарын тарих саханасына шығарып қана 
2–1036


18
қоймай, келешек ұрпақ санасында осы ұлылардың бейнесін 
қалдыруға ұмтылуына қуануымыз абзал.
Қаламгер Абайды, осы тарихи адам өмірінің реалды шын-
дығын өз ортасынан оқшаулау адам екенін танытар қаһармандық 
қасиеттерімен əрлейді. Ол қиын-қыстау кезде де, қуанышты 
сəттерде де, алғырлығымен, тапқырлығымен, байсалды міне-
зімен көрінеді. Адам бойындағы ақылдылық, сабырлылық деген 
ұғымның шекарасы, ақиқат мəні қандай деген сауалға осы бейне 
орнықты жауап бере алатындай. Автор Абайға мінездеме беріп 
жатпай, басқа бейнені сөйлету, ойланту арқылы оқиғаларды 
ұтымды дамытады. Халық арасында білім мен парасат таратушы 
Мұса Шормановтың Абайға деген көзқарасы роман-хамсада 
былай беріледі: 
«Мұса Абайдың сөйлеген сөзінен гөрі, айналасына 
нұр жаудыра қарайтын қарашықтары өткір, марғасқа жүзіне 
қарап іштей сүйсініп, шексіз риза болып отырды. Орта жүздің 
ғана емес, бар қазақтың төбесінен шалқып тұтанғалы тұрған 
шамшырағы секілді, тағдыр оны осы кесапат халге дүниеге 
атын шығару үшін əдейі душар етіп қойғандай екен.
Абайды ол алғаш жиырмадан жаңа асқан балаң жігіт кезінде 
көріп еді, ондағы түрінен өзгермегені - əсем қиылған қызғылт 
еріндері мен төңірегіне нұр шаша қарайтын жарқырауық үлкен 
көздер. Одан бергідегі өзгерісі – шықшыт сүйектері, мойны-
басы етейіп, мұрнының дөңі ұлғая, сақал-мұрты ұзара қалыңдай 
түсіпті. Бұл көргенде, жасында ол қараторылау сықылды 
еді, қазір толысқандыкі ме, екі бетінің ұшына иман үйіріліп, 
кең маңдайы қақтаған күмістей теп-тегіс жазылып, дүйім 
ажары сыртына біте ақшыл-күрең тартыпты», 
- деп екінші 
біреуге əңгіме айтқызу арқылы кейіпкердің қиыншылықтарды 
жеңу жолындағы істерін суреттейді. Бұл орайда жазушы тек 
қана Абай бейнесін ғана емес Михаэлис, Шəкəрім, Шоқан, т.б. 
болмыс-бітімін, рухани жан-дүниесін, тағдырлары өзгеріске 
ұшыраған тар кезеңдеріне көбірек назар аударған тұстары 
кездеседі. Жазушы кейіпкерлерінің осы тұстағы психикалық 
құбылыстарын тірі қозғалысымен, сыртқы портретінің кейбір 
деталь-штрихтерімен қоса-қабат алып суреттейді. Абайдың 
Əбіш қайтыс болғанда оның алыс бір қияда көз жұмғанын, ең 
қуатты тамыры үзіліп кеткенін жазушы шебер суреттеген. Осы 


19
мезгілсіз хабарды естігендегі Абайдың ішкі жан құбылысы былай 
берілген: «Абайдың оны естігенде жылаған да, артық күйінген де 
жоқ. Құлама жар жиегіне келіп қалғанын жаңа байқаған жандай, 
алдына үңіле қарап тұрып қалыпты. Əлдебіреулердің сабырлық 
тілеп көңіл айтып жатқандары жар астындағы бас айналар сол 
терең шатқал табанынан талмаусырап жетіп тұр», - деп жылаулы 
жұрттың жұбатуын да, көңіл айтуын да тілемеген Абайдың 
үмітінің ең қараңғы түбіне жаққан жалғыз шырағының сөнуі 
осылай бейнеленеді.
Тарихи шығармаларға тəн сипат өткенге үңілумен қатар, көне 
дəстүр салттың сұлбасын, ескіліктің əңгімесін жаңғыртып отыру. 
Яғни, тарихи роман қашан да замана ділгірлігінен, оның қалай 
дамып бара жатқанын ойлау тұңғиығынан туындайды.
Қаламгер Шерхан Мұртазаны кең құлашты эпик жазушы 
ретінде танытқан шығармасы – “Қызыл жебе” (екі кітап), «Жұл-
дыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын 
хамса-романы. Жазушы мемлекет əрі қоғам қайраткері, тарихи 
тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін, ХХ ғасыр ба-
сын дағы өтпелі кезеңнің қасіретті де тартысты шындығын осы 
романдарына арқау етті. 
“Қызыл жебе” романында Дауылбай сияқты жергілікті өктем 
күштердің озбырлығына төзе алмай, сонау Түлкібастан, Ақсу – 
Жабағалы жерінен Жетісуға қоныс аударып, Талғар маңына көшіп 
келген аз үйлі кедей ауыл Сəлік – Шілмембет – Шымырдың, сол 
ауылдың бас көтерер азаматы Рысқұлдың тағдыры айтылады. 
Бөтен руға кірме болған аз, кедей атаның еті тірі азаматтарының 
қолы есеге тимейтіні, əрдайым күштілердің мазағына ұшырайты-
ны ежелден белгілі. Рысқұл жаңа қонысқа келісімен Саймасай 
болыстың жұмсауымен өзі қаламаған ұрлық істерге араласады. 
Ақыры Саймасай болысты өлтіріп, өзі он жылға жер аударылады. 
Тұрардың əкесі Рысқұл тағдыры М. Əуезовтің «Қараш-Қараш 
оқиғасы» повесіне арқау болғаны белгілі. Мұндағы Бақтығұлдың 
прототипі Рысқұл Жылқыайдаров. Ұлы суреткер қалам тартқан 
тақырыпқа оралу жазушыға оңай түспесі белгілі. Ш. Мұртаза бұл 
тақырыпқа батыл келіп, сыннан мүдірмей өтті.
Ш. Мұртазаның “Жұлдыз көпір” романы “Қызыл жебенің” 
заңды жалғасы. Мұндағы орталық кейіпкер - күрескер Тұрар 


20
Рысқұлов. Шығармада Түркістан Кеңестік Автономиялық Рес-
пуб 
ликасының 1917-1920 жылдарындағы оқиғалар, Тұрардың 
жеке өмірі, əлеуметтік майдандағы қайраткерлігі көрсетілген. 
Халқының азаттығы жолындағы күрескер Тұрардың адамгершілік 
қасиеті үнемі іс үстінде көрінеді.
Қоғамдық өмірде тұлғалы да белсенді Тұрар жеке тіршілігінде 
өте қарапайым. Оның əрдайым əкесін еске алып, оның істері мен 
сөздерін қадір тұтып отыратыны, бауырлары мен жақындарын
назарынан тыс қалдырмайтыны, үлкен қызметте отырса да, 
мансап 
құмарлық мінезінің жоқтығын танытады. Түркістан 
Республикасының болашағы шешілетін кезеңде билікте болған 
Тұрардың беріктігі, өз жеке басының мансабын халық мүддесін 
жоғары қоятыны “Жұлдыз көпір” романында шебер баяндалған. 
Шын мəнінде де бір халықтың ғана емес, тағдыры, тілі, тарихы 
жақын бірталай туыс елдердің ортақ мүдделерін ойлаған Тұ-
рардың қабілетінің өз тұсындағы лауазым иеленгендердің көбінен 
озық екендігі анық көрінеді.
Роман-хамсаның төртінші кітабы – «Қыл көпір» романында 
Тұрар Рысқұлов өмірінің қиын кезеңге кез болған сəттері 
суреттеледі. Түркістан Республикасы атқару комитетінің төрағасы 
болып жүрген шағындағы саяси қақтығыстар, РСФСР ұлт істері 
комиссариатының қызметкері, Түркістан Республикасының 
Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Коминтерннің Шығыс 
бөлімі бастығының орынбасары, т.б. мемлекеттік жауапты бас-
шылық қызметте жүрген кезінде қазақ даласындағы аштық пен 
апатты болдырмауға көмек көрсетпекке ұмтылған əрекеттері 
Тұрардың ұлтжандылығын, білімділігін, өжеттігін, бірбеткей лі-
гін, қайраткерлік тұлғасын жан жақты ашқан.
«Тамұқ» деп аталатын бесінші кітапта сталиндік жаппай 
қудалау кезеңі, күллі қазақ зиялыларының басындағы тра-
гедиялық хал бейнеленген. Тұрар бұл кітапта көбіне отбасы 
ортасында болады. Сол бейбіт, мамыражай тіршіліктің өзін 
көп көргендей, демалыста жүрген Тұрар тұтқындалып кете 
барады. Аяғы ауыр жары Əзиза көп бейнет шегіп, үйге жеткен 
кезде, үйі құлыптаулы əрі күзетулі болып шығады. Ал, Тұрарды 
пойызға отырғызып, ала жөнеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет